Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы атқарылған жұмыс туралы жылдық есеп

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында

2022 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар туралы

 

2022 жылға әлеуметтік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 5,2 млрд.теңге бөлініп отыр.

Бұл қаражатқа 25 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған.

Анықтама ретінде:

Білім беру саласы – 12 нысан (7 мектеп, 2 оқу корпусы, 2 балабақша,                  1 оқушылар үйі);

Денсаулық сақтау саласы – 6 нысан;

Мәдениет саласы – 4 нысан;

Спорт саласы – 1 нысан;

Мемлекеттік органдар – 1 нысан;

Бизнестің жол картасы – 1.

Оның ішінде, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде (1-дәрігерлік амбулатория, 1-спорт нысаны).

         12 айдың қорытындысы бойынша 12 нысан пайдалануға беріліп отыр.

Анықтама үшін: 1) Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 250 орындық емхана құрылысы; 2) Арал ауданы Сексеуіл ауылдық округінің Жалғызағым елді мекенінде медициналық бекет құрылысы; 3) Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, Жұбан елді мекенінде медициналық бекет құрылысы; 4) Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі; 5) Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория; 6) Шыны зауытына темір жол тұйығы; 7) Арал қаласында 100 орындық интернатымен 200 орындық №71 мектеп; 8) Қазалы ауданының Қазалы қаласында 140 орындық "Өрімтал"балабақша құрылысы. 9) Қармақшы ауданы Қуандария ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб құрылысы. 10) Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 600 орындық мектеп құрылысы. 11) Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті С.Сұлтанмұратов көшесіндегі 300 орындық мектеп құрылысы. 12) Жаңақорғана ауданы Бірлік елді мекеніндегі 90 орындық балабақша құрылысы.

2023 жылға 13 нысан өтпелі.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2022 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 682,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып, жыл қорытындысымен 683,2 мың шаршы метрді  немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,3 % құрап отыр. 

Биылғы  жылы облыс бойынша жалпы ауданы 124,9 мың ш.м 1764 пәтерді құрайтын 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.

Оның ішінде:

  1. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша – 10 үйдің (372 пәтер – 22,9 мың.ш.м) құрылысы жүргізілді. Оның ішінде:

- Қызылорда қаласында-1үй (50 пәтер-3,4мың.ш.м.)пайдалануға берілді;

- Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың.ш.м) 2023 жылға өтпелі;

- Байқоңыр қаласында - 5 үй (250 пәтер – 15,3 мың.ш.м) 2023 жылға өтпелі.

Жыл соңына  Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 1 үй (50 пәтер – 3,4 мың.ш.м) пайдалануға беру берілді.

  1. Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – Қызылорда қаласында 22 тұрғын үйдің (1050 пәтер – 68,5 мың ш.м) құрылысы жүргізілді. Оның ішінде:

- Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданында 12 тұрғын үй (580 пәтер - 38,6 мың ш.м) 2022 жылы беріледі;

- Қызылорда қаласы Cырдария өзенінің сол жағалауында 10 тұрғын үйдің құрылысы (470 пәтер – 29,9 мың ш.м) 2023 жылға өтпелі.

Жыл қорытындысымен Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданында 11 тұрғын үйдің (530 пәтер - 35,3 мың ш.м) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

  1. Жеке құрылыс салушылар есебінен – Қызылорда қаласында
    9 тұрғын үйдің (342 пәтер –33,5 мың ш.м) құрылысы жүргізілді.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлердің құрылысына  2022 жылы 9,1 млрд.теңге (ҚРҰҚ - 0,9 млрд.теңге, ОБ - 2,0 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 6,2 млрд.теңге) қаржы бөлініп, жыл қорытындысымен 9,0 млрд.теңге (ҚРҰҚ - 0,9 млрд.теңге, ОБ – 1,9 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен –6,2 млрд.теңге) қаржы игерілген.

Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 2022 жылы инженерлік желілердің 38 жобасының құрылысы жүргізілді.

2022 жылы инженерлік желілерді жүргізуге 4,9 млрд. теңге қаржы бөлінді  (РБ – 2,1 млрд. теңге, ҰҚ – 1,8 млрд.теңге, ОБ - 1,0 млрд.теңге).

Жыл қорытындысымен 4,7 млрд.теңге игерілді (РБ –2,0 млрд. теңге, ҰҚ – 1,7 млрд.теңге, ОБ – 0,9 млрд.теңге).

2022 жылдың қорытындысымен 8 жобаның құрылысы аяқталып, 53,8 шқ инженерлік желілер пайдалануға берілді. Оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 886 жер учаскесі 44,1 шқ электр желілермен қамтамасыз етілді.

 

 

 

 

 

 

ЖОБА-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ

 

2022 жылдың 12 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 53 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалардың жалпы құны 71,9 млрд теңгені құрап отыр.

Оның ішінде:

білім беру нысандары – 6жоба(6 мектеп), жалпы құны – 11,0 млрд теңге;

денсаулық сақтау нысандары – 24 жоба(1 көпсалалы аурухана, 17 амбулатория, 6 мед. бекет), жалпы құны – 45,0 млрд теңге;

спорт нысандары – 4 жоба(4 спорт  кешені), жалпы құны – 2,0 млрд теңге;

мәдениет нысандары – 3 жоба(3 клуб үйі), жалпы құны – 1,6 млрд теңге;

ауылшаруашылығы нысандары– 4 жоба(4 ветеринарлық пункт),

жалпы құны – 264,7 млн теңге;

қоғамдық тәртіп нысандары– 1 жоба(1 учаскелік полиция бекеті),

жалпы құны – 120,4 млн теңге;

жұмылдыру дайындығы нысандары– 3 жоба,

жалпы құны – 78,5  млн теңге;

Сондай-ақ, Демеушілердің қолдауымен өз қаражаты есебінен 189,2 млн. теңгеге 8 құрылыс нысанының (5 мектеп, 1 өнер мектебі, 1 мемлекеттік орган нысаны және сыртқы инженерлік желілері)жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді.8 нысанның жалпы сметалық құны 9,4 млрд теңгені құрайды.

Атап айтқанда:

  1. Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан «Неке сарайы құрылысы»;
  2. «Көпфунционалды кешен құрылысы»;
  3. «Қызылорда қаласы Түркістан көшесіндегі 550 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы»;
  4. «Қызылорда қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 375 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы»;
  5. «Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыскөшесі №5 мекенжайында 550 орындық бастауыш оқу ғимараты құрылысы»;
  6. «Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Жанқожа батыр №5 мекенжайында 375 орындық бастауыш оқу ғимараты құрылысы»;
  7. «Қызылорда облысы Арал ауданы, Аманөткел ауылдық округі, Ақшатау ауылында 50 орындық мектеп құрылысы»;
  8. «Қызылорда қаласы C. Бейбарыс көшесінде Неке сарайы ғимаратының сыртқы инженерлік желілер құрылысы».

 

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 13321,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 69,6 % құрайды.

2022 жылы Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында облыстық бюджеттен   134,6 млн. теңге қаржыландырылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, облыс аумағында 604 022 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 584 387 шаршы метрді құрайтын 2 309 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Бұл аталған жұмыстардың 96 пайызын құрайды.

Эскиздік жобалар:

Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыным берілді.

Атап айтқанда:

Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің  сол жағалауында салынуы жоспарланған 5-12 қабатты тұрғын үй(3-нұсқада);

Қызылорда облысының кіреберіс шекарасының паспорты (5-нұсқада);

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын а.о. салынуы жоспарланған 250 орындық №207 мектебі;

Көпсалалы кешен ғимараты;

Неке сарайы;

Орталық стадион;

Шиелі ауданы, Шиелі кенті, денешынықтыру – сауықтыру кешені.

Қала құрылысы құжаттамасы:

2022 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Е. Дауылбаевтың төрағалығымен өткізілген «Елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз ету туралы» жиналыс хаттамасына сәйкес «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) жол картасы әзірленді.

Дата публикации
13 января 2023
Дата обновления
13 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы