Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:
Сәулет және қала құрылысы саласында 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Оның бесеуі қалалық, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен көрсетіледі.
Атап айтқанда:
Облыста жалпы аталған қызметтер бойынша 35 187 азаматқа қызметтер көрсетілген.
Электрондық қызмет алушылардың санын ұлғайтуға басты назар аударылып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қолға алынуда.
Сонымен қатар, тек басқарма тарапынан көрсетілетін «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтерін алуға www.elicense.kz арқылы 4 өз мерзімінде қызмет көрсетілді.
Тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау туралы:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Қызылорда облысы әкімі арасында жасалған екі жақты меморандумға сәйкес тұрғын үйдің көлемі 682,7 мың. шаршы метрді қабылдау жоспарланған.
Бүгінгі күні, 2022 жылы облыс бойынша жалпы ауданы 683 200 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қала құрылысы кадастры туралы:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 13321,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 69,6 % құрайды.
2022 жылы Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында облыстық бюджеттен 134,6 млн. теңге қаржыландырылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, облыс аумағында 604 022 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 584 387 шаршы метрді құрайтын 2 309 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Бұл аталған жұмыстардың 96 пайызын құрайды.
Эскиздік жобалар:
Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыным берілді.
Атап айтқанда:
Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында салынуы жоспарланған 5-12 қабатты тұрғын үй(3-нұсқада);
Қызылорда облысының кіреберіс шекарасының паспорты (5-нұсқада);
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын а.о. салынуы жоспарланған 250 орындық №207 мектебі;
Көпсалалы кешен ғимараты;
Неке сарайы;
Орталық стадион;
Шиелі ауданы, Шиелі кенті, денешынықтыру – сауықтыру кешені.
Қала құрылысы құжаттамасы:
2022 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Е. Дауылбаевтың төрағалығымен өткізілген «Елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз ету туралы» жиналыс хаттамасына сәйкес «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) жол картасы әзірленді.