2022 жылдың 12 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 53 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалардың жалпы құны 71,9 млрд теңгені құрап отыр.
Оның ішінде:
- білім беру нысандары – 6жоба(6 мектеп), жалпы құны – 11,0 млрд теңге;
- денсаулық сақтау нысандары – 24 жоба(1 көпсалалы аурухана, 17 амбулатория, 6 мед. бекет), жалпы құны – 45,0 млрд теңге;
- спорт нысандары – 4 жоба(4 спорт кешені), жалпы құны – 2,0 млрд теңге;
- мәдениет нысандары – 3 жоба(3 клуб үйі), жалпы құны – 1,6 млрд теңге;
- ауылшаруашылығы нысандары– 4 жоба(4 ветеринарлық пункт),
жалпы құны – 264,7 млн теңге;
- қоғамдық тәртіп нысандары– 1 жоба(1 учаскелік полиция бекеті),
жалпы құны – 120,4 млн теңге;
- жұмылдыру дайындығы нысандары– 3 жоба,
жалпы құны – 78,5 млн теңге;
Сондай-ақ, Демеушілердің қолдауымен өз қаражаты есебінен 189,2 млн. теңгеге8 құрылыс нысанының (5 мектеп, 1 өнер мектебі, 1 мемлекеттік орган нысаны және сыртқы инженерлік желілері)жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді.8 нысанның жалпы сметалық құны 9,4 млрд теңгені құрайды.
Атап айтқанда;
- Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан «Неке сарайы құрылысы»;
- «Көпфунционалды кешен құрылысы»;
- «Қызылорда қаласы Түркістан көшесіндегі 550 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы»;
- «Қызылорда қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 375 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы»;
- «Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыскөшесі №5 мекенжайында 550 орындық бастауыш оқу ғимараты құрылысы»;
- «Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Жанқожа батыр №5 мекенжайында 375 орындық бастауыш оқу ғимараты құрылысы»;
- «Қызылорда облысы Арал ауданы, Аманөткел ауылдық округі, Ақшатау ауылында 50 орындық мектеп құрылысы»;
- «Қызылорда қаласы C. Бейбарыс көшесінде Неке сарайы ғимаратының сыртқы инженерлік желілер құрылысы».