Меню

Страницы

Статья

Құрылыс саласында 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы

2022 жылға әлеуметтік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 5,2 млрд.теңге бөлінген.

Бұл қаражатқа 25 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған.

Анықтама ретінде:

Білім беру саласы – 12 нысан (7 мектеп, 2 оқу корпусы, 2 балабақша, 1 оқушылар үйі);

Денсаулық сақтау саласы – 6 нысан;

Мәдениет саласы – 4 нысан;

Спорт саласы – 1 нысан;

Мемлекеттік органдар – 1 нысан;

Бизнестің жол картасы – 1 нысан.

Оның ішінде, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде (1-дәрігерлік амбулатория, 1-спорт нысаны).

12 айдың қорытындысы бойынша 12 нысан пайдалануға беріліп отыр.

Анықтама үшін: 1) Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 250 орындық емхана құрылысы; 2) Арал ауданы Сексеуіл ауылдық округінің Жалғызағым елді мекенінде медициналық бекет құрылысы; 3) Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, Жұбан елді мекенінде медициналық бекет құрылысы; 4) Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі; 5) Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория; 6) Шыны зауытына темір жол тұйығы; 7) Арал қаласында 100 орындық инернатымен 200 орындық №71 мектеп; 8) Қазалы ауданының Қазалы қаласында 140 орындық "Өрімтал"балабақша құрылысы; 9) Қармақшы ауданы Қуандария ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб құрылысы; 10) Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 600 орындық мектеп құрылысы; 11) Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті С.Сұлтанмұратов көшесіндегі 300 орындық мектеп құрылысы; 12) Жаңақорғана ауданы Бірлік елді мекеніндегі 90 орындық балабақша құрылысы.

2023 жылға 13 нысан өтпелі.

Дата публикации
11 января 2023
Дата обновления
11 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы