Меню

Страницы

Статья

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы

2022 жылға ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫНА, мемлекеттік бюджеттен 5,2 млрд.теңге бөлініп отыр.

Бұл қаражатқа 24 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған.

Анықтама ретінде:

Білім беру саласы – 12 нысан (7 мектеп, 2 оқу корпусы, 2 балабақша,                  1 оқушылар үйі);

Денсаулық сақтау саласы – 6 нысан;

Мәдениет саласы – 4 нысан;

Спорт саласы – 1 нысан;

Мемлекеттік органдар – 1 нысан;

Оның ішінде, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде (1-дәрігерлік амбулатория, 1-спорт нысаны).

         9 айдың қорытындысы бойынша 7 нысан пайдалануға беріліп отыр.

Анықтама үшін: 1) Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 250 орындық емхана құрылысы; 2) Арал ауданы Сексеуіл ауылдық округінің Жалғызағым елді мекенінде медициналық бекет құрылысы; 3) Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, Жұбан елді мекенінде медициналық бекет құрылысы; 4) Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі; 5) Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория; 6) Шыны зауытына темір жол тұйығы; 7) Арал қаласында 100 орындық инернатымен 200 орындық №71 мектеп.

Жалпы 2022 жылы 17 әлеуметтік нысанды аяқтау жоспарланып отыр, ал қалған 7 нысан 2023 жылға өтпелі.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 682,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Осы мақсатқа, тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджет есебінен 9,2 млрд.теңге қаржы бөлінді (ҰҚ – 0,923 млрд.теңге,  құнды қағаздар – 6,2 млрд. ОБ – 2,1 млрд.теңге).

Бұл қаражатқа, жалпы ауданы 91,4 мың шаршы метр                1422 пәтерді құрайтын 32 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Оның ішінде:

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша, барлығы 372 пәтерді құрайтын 10 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде (22,9 мың.ш.м., Қызылорда қаласында-1үй (50 пәтер-3,4мың.ш.м.) Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың.ш.м); Байқоңыр қаласында - 5 үй (250 пәтер – 15,3 мың.ш.м).

Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша, Қызылорда қаласында 1050 пәтерді құрайтын 22 тұрғын үйдің  құрылысы жүргізілуде (СПМК-70 ауданында 12 үй, 580 пәтер, 38,6 мың ш.м.; Сол жағалауда 10 үй, 470 пәтер, 29,9 мың ш.м.).

Бұған қоса, жеке кәсіпкерлер инвестициясы есебінен, Қызылорда қаласында барлығы 342 пәтер, 33,5 мың шаршы метрді құрайтын 9 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Осылайша, жыл соңына дейін барлық қаржыландыру көздері есебінен жүріп жатқан 41 тұрғын үйдің, жалпы ауданы 95 мың шаршы метр 1294 пәтерді құрайтын 31 тұрғын үйдің құрылысын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Осы жылдың 10 айлық көрсеткішіне сәйкес 556,4 мың ш.м.  тұрғын үй пайдалануға беріліп (ИЖС-542,2 мың ш.м., МЖК-14,2 мың ш.м.), бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда                      105,5 пайызға артқан.

 

ИНЖЕНЕРЛІК – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ бойынша ұлттық жоба аясында барлығы 40 жобаның құрылысына, 3,8 млрд. теңге қаржы бөлінді (ҰҚ - 0,3 млрд.теңге, РБ-2,1, ОБ - 1,7 млрд.теңге).

Қызылорда қаласында – 31 жоба;

Арал ауданында – 1 жоба;

Қазалы ауданында – 1 жоба;

Қармақшы ауданында – 5 жоба;

Жалағаш ауданында – 2 жоба.

2022 жылдың аяғына дейін барлығы 249,5 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу жоспарлануда, оның ішінде оның ішінде электр желісі – 188,4 шқ, ауыз су желісі – 40,0 шқ, газ желісі – 18,8 шқ, жылу желісі – 2,3 шқ.

ЖОБА-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ

Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына жолдауына және ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысындағы тапсырмаларға сәйкес, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді.

Осыған байланысты, Қызылорда облысы әкімдігімен «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдарыіске асырылуы тиіс 21 мектептің тізімі бекітілді.

Қазіргі кезде, басқармасымен, аталған мектептердің жер учаскелерінің құжаттары заңдастырылып, инженерлік желілердің техникалық шарттары мен сәулет жоспарлау тапсырмалары толығымен дайындалды.

Сонымен қатар, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы жылы басынан бастап, бүгінгі күнге құны 446,7 млн. теңге болатын 50 жобаның (денсаулық сақтау саласында – 23 жоба, білім беру саласында – 10 жоба, спорт нысандарында– 4 жоба, мәдениет саласында – 4 жоба, ауыл шаруашылығында – 4 жоба, жұмылдыру дайындығында- 3 жоба, әкімшілік ғимарат бойынша–
1 жоба, қоғамдық тәртіпнысаны-1 жоба)
жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

 

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары             Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 10819,22 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 56,5 % құрайды.

Аталған жұмыстар цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінің технологиялық серпіліс ұлттық жобаның (ҚР ҮҚ 2021 жылғы 12 қазандағы №727) жоспарына сәйкес инженерлік коммуникацияларды цифрландыруды аяқтау 2024 жылға жоспарланған (2021 жыл - 56,5%; 2022 жыл - 69,6%; 2023 жыл - 88,7%; 2024 жыл - 100%).

Ұлттық жобаның жоспарға сәйкес іске асыру мақсатында  кезекті бюджеттік комиссия отырыснда облыстық бюджеттен 134,6 млн. теңге қаржы бөлініп, жыл соңына дейін 2022 жылға жоспар толық орындалатын болады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне облыс аумағында 2022 жылы құрылысы аяқталған 453 124 шаршы метрді құрайтын 1959 тұрғын үйдің деректері енгізілді.

Бұл аталған жұмыстардың 98 пайызын құрайды.

Дата публикации
01 ноября 2022
Дата обновления
01 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы