Қызылорда облыстық бюджет комиссиясы отырысының хаттамасы

Қызылорда облыстық бюджет комиссиясы отырысының

                                            хаттамасы

 

Қызылорда қаласы

              № 34

2025 жыл «6» қыркүйек

 

 

Төрағалық еткен:

Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары – Д. Жаналинов

 

Хатшы:

«Экономика және қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы, комиссия хатшысы – С. Мырзабек

 

Қатысқандар:

 

бюджеттік комиссия мүшелері:

 

Б. Жаханов

 

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

 

А. Зебешев

-

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

 

М. Шермағанбет

-

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

 

Ә. Мұхамедияров

-

Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы;

 

М. Нәлібаев

-

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі («Amanat» партиясы);

 

Қ. Сақтағанов

-

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі («Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы);

 

Ғ. Аманов

 

-

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

 

М. Қалдарбеков

-

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы;

 

А. Есмаханов

-

«Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы.

 

 

            Үзінді

  1. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бюджеттік бағдарламасына ішінара өзгеріс енгізу туралы

 

(Е. Төрәлиев)

 

1.1. 2025 жылғы облыстық бюджетен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 038 «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе елді мекеніне дәрігерлік амбулаториялық құрылысы. Байланыстыру» жобасына 1000,0 мың теңге бөлінді.

Бүгінгі күні, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының  06.09.2025 ж. №06-04/1542 хатына сәйкес «Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе елді мекеніне дәрігерлік амбулаториялық құрылысы. Байланыстыру» жобасына бөлінген 1000,0 мың теңгені «Арал ауданы Арал қаласындағы ауысымына 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысы» жобасына 500,0 мың теңге, «Қызылорда қаласында аусымына 400 келушіге арналған №5 емхананың құрылысы» жобасына 500,0 мың теңге бағыттау сұралуда.

Осыған байланысты, облыстық бюджетен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 038 «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе елді мекеніне дәрігерлік амбулаториялық құрылысы. Байланыстыру» жобасынан 1000,0 мың теңгені қысқартып, «Арал ауданы Арал қаласындағы ауысымына 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысы» жобасына 500,0 мың теңге, «Қызылорда қаласында аусымына 400 келушіге арналған №5 емхананың құрылысы» жобасына 500,0 мың теңге бағыттау мәселесі мақұлдансын.

         

         

 

          Комиссия төрағасының

                   орынбасары                                                                         Д. Жаналинов

 

Қызылорда облыстық бюджет комиссиясы отырысының хаттамасы
Дата публикации
09 сентября 2025