Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шаралар атауы |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Аяқталу нысаны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Басқарма қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. 2020 жылдың қорытындысымен ішкі талдау жүргізу. |
Б.Шаханов С.Адилов М.Бекжанов
|
ІІІ тоқсан |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерімен басқарма қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар осал тұстарын анықтау және соған байланысты алдын-алу жұмыстарын жүргізу. |
|
2 |
Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру және алдын алу, болдырмау мақсатында қолданыстағы заңнамалар бойынша құқықтық сабақтар өткізуді ұйымдастыру. |
Б.Шаханов С.Адилов М.Бекжанов
|
Тоқсан сайын |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында әзірленген құқықтық сабақ бойынша баяндама, өткізілген құқықтық оқудың хаттамалары. |
|
3 |
Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша басқа құзіретті мемлекеттік органдардың ұйымдастыруымен өткізілетін семинарларға жолдап отыру. |
Б.Шаханов С.Адилов
|
үнемі |
Басқарма басшылығына қызметтік хатпен баяндау. |
|
4 |
Мүдделі тұлғалар тарапынан мемлекеттік сатып алу процестерінің ағымына қатысты конкурстық комиссия мүшелеріне ықпал жасау және қызметкерлерді өзге де құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында басқармаға кездейсоқ адамдардың ретсіз кіруіне тосқауыл қою арқылы ішкі қауіпсіздікті күшейтуге шаралар қолдану. |
Б.Шаханов Н.Нұртазаев |
үнемі
|
Басқарма басшысына қызметтік хатпен баяндау.
|
|
5 |
Басқармадағы мемлекеттік қызметшілердің 2019 жылға және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған тұлғалардың табыстары мен мүліктері туралы декларацияларын заңнама талаптарына сәйкес және белгіленген мерзімде тапсыруын қамтамасыз ету. |
С.Адилов |
наурыз |
Атқарылған жұмыстардың қорытындысын басқарма басшылығына қызметтік хатпен баяндау. |
|
6 |
ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі негізінде жасалынаған ескертпемен басқарма қызметкерлерін жылына бір рет және жаңадан келген қызметкерлерді таныстыру. |
С.Адилов |
үнемі |
Басқарма басшылығына қызметтік хатпен баяндау |
|
7 |
Басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасалғаны немесе олардың орын алуына ықпал ететін жағдайлардың туындағаны туралы мәліметтер қамтылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерттеп, тиісті шаралар қолдану. |
Б.Шаханов Н.Нұртазаев |
үнемі |
Өтініштерді зерттеу нәтижесін қызметтік хатпен басқарма басшысына баяндау. |
|
8 |
Мәтінінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі туралы мәліметтер баяндалған өтініш иелерінің басқарма басшысымен жеке қабылдауын ұйымдастырып, мұндай келеңсіз оқиғаларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға, алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау. |
Б.Шаханов Н.Нұртазаев |
үнемі |
Жеке қабылдауды есепке алу карточкалары, қолданылған шаралар туралы анықтама. |
|
9 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпаратты Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталында орналастыру. |
Б.Шаханов С.Адилов Н.Нұртазаев |
үнемі |
Ақпарат, баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар. |
|
10 |
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында әзірленген үнпарақтарды баршаға көрінетін жерлерге іліп қою. |
Н.Нұртазаев |
үнемі |
Әр жұмыс кабинетіне, қабылдау бөліміне үнпарақтарды ілу |
|
11 |
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, болдырмау және жолын кесу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқсан сайын талдау жасау, мәжілісте талқылау. |
А.Нұрмағанбетов Б.Шаханов С.Адилов
|
тоқсан сайын |
Талдау, мәжіліс отырысының хаттамалары. |