
Облыс аумағында мемлекеттік құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, облыс аумағындағы елді мекендердің бекітілген бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді үйлестіреді. Облыс бойынша салынып жатқан және салынуы жоспарланған әлеуметтік объектілер мен кешендердің мониторингісін жүргізеді. Елді мекендердің бекітілген бас жоспарлары мен даму сызбаларына сәйкес жергілікті жерлерде қала құрылыстық регламенттерді сақтауды және сәулеттік қадағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестірді. Сырдария өзенінің сол жағалауында салынатын объектілердің сәулетін қарастырады, олардың ұлттық және шығыс үлгіде болуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.