Шыныбаева Жанна Загидуллаевна 1967 жылы 13 желтоқсанда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы кентінде дүниеге келген.
1984 жылы Қазалы ауданы Қазалы кентіндегі Қ.Сәтпаев атындағы №216 мектепті бітірген.
1985-1987 жылдары Семей қаржы-экономикалық техникумына түсіп, "қаржыгер" мамандығы бойынша бітірген.
- 1987 жылдың мамыр айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін Қазалы аудандық қаржы бөлімінде-салық инспекторы, штат бойынша инспекторы, экономист, аға экономист, бөлімнің бас экономисті;
- 2005 жылдың қаңтарынан-2013 жылдың наурызына дейін бөлім қызметінің өзгеруіне және бөлінуіне байланысты, Қазалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде-бас маман, бюджет бөлімінің сектор меңгерушісі;
- 2013 жылдың наурыз айынан бастап облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында - бас маман, экономика бөлімінің басшысы, экономика және тұрғын үй құрылысы бөлімінің басшысы.