Меню

Страницы

Статья

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

  1. Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімдерінің қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Басқарманың
    2022 жылғы 24 ақпандағы №132-нқ бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

Қуандық Алтынай Қуандыққызы-Басқарма басшысының орынбасары, жұмыс тобының        жетекшісі;

Серіков Асылхан Болатбекұлы-Негізгі қызметті үйлестіру және персоналды басқару бөлімінің; басшысы

Шәмшиев Ербол Рысдәулетұлы-Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу   бөлімінің басшысы;

Бауыржан Жұлдыз Бауыржанқызы-Тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы міндетін атқарушы;

Сахиұлы Асқар-Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы;

Алдажарова Камиля Сахиқызы-Облыстағы мемлекеттік сатып алуларға талдау жасау бөлімінің басшысы.

4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Талданатын объект туралы мәліметтер:

Басқарма өз құзыреті шегінде облыста мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы және тапсырыс берушілермен келісім негізінде ұйымдастырушысы болып табылатын, мәртебесі Қызылорда облысы әкімдігінің 15.11.2021 жылғы №409 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарманың құрылымдық бөлімдері өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы қолданыстағы заңнама талаптарын, оның ішінде кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

Басқарманың бөлімдерінің функцияларына және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасалды, талдау нәтижелері бойынша мыналар анықталды. Атап айтқанда:

Бірінші, басқарманың жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімі бойынша:

- 2021 жылы 50,1 млрд. теңгеге 271 конкурс;

- 2022 жылдың алғашқы 5 айында 11,8 млрд. теңгеге 81 конкурс ұйымдастырылған.

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында келесі мән-жайлардың орын алғаны белгілі болды:

1) Конкурсқа өтінім ұсынған бірқатар әлеуетті өнім берушілермен жұмыс тәжірибелері бойынша анық емес ақпарат бергені анықталып, олардың тиісті жұмыс тәжірибесін мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарийде бұғаттау туралы уәкілетті органға өтінімдер жолданған.

Анықтама:

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 2-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес, Мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарий – мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық дерекқор.

ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы №648 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 103-тармағына сәйкес, электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауды уәкілетті органның ведомствосы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған жағдайларда жүзеге асырады.

Қағидалардың 104-тармағына сәйкес, электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауды уәкілетті органның ведомствосы веб-портал арқылы жіберілген бұғаттауға өтінімдер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ішкі мемлекеттік аудит органдары, оның ішінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында жүзеге асырады.

Дегенмен, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі бойынша электрондық депозитарийде дәйексіз ақпарат фактілерін растайтын құжаттармен қоса берілген бұғаттау туралы өтінімдер берілсе де, уәкілетті органның ведомствосы өтінімдерді кері қайтару фактілері орын алды.

Анықтама: Қағидалардың 105-тармағына сәйкес, электрондық депозитарийде дәйексіз ақпарат фактілерін растайтын құжаттарсыз қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауға арналған өтінімдерді уәкілетті органның ведомствосы дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, кері қайтарады.

Нақтылайтын болсақ, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімімен өткізілген №6447288-2 ашық конкурсы бойынша әлеуетті өнім беруші «Қаз Нұр жобалау-құрылыс институты» ЖШС-гі жұмыс тәжірибесі ретінде анық емес ақпарат ұсынды.

Ұсынылған анық емес ақпарат электрондық депозитарийде «Расталды-Подтвержден» мәртебесіне ие екендігі анықталып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен бұл мәліметті бұғаттау туралы 23.02.22 жылы №05-05/228 хатпен өтінім жолданған.

Алайда, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бұғаттау туралы өтінімді                                   ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 65-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазынашылық комитетіне жолдағанымен (шығ:24.02.22ж. №КВГА-03-КВ/2377), оның тарапынан бұғаттау туралы өтінімді ішкі мемлекеттік аудит органдарына жолдау туралы ұсыныс білдірілді (шығ:28.03.22ж. №КК-05-КК/9901).

Қазынашылық комитетінің ұсынысына сай, бұғаттау туралы өтінім Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды (шығ: 01.04.22ж. 05-05/411).

Нәтижесінде, ішкі мемлекеттік аудит органынан электрондық депозитарий тізілімінде бұғаттау Департаменттің құзіретіне кірмейтіндігі туралы жауап алынды (шығ:18.04.22ж. №04-13/867).

Осылайша, бұғаттау туралы өтінімді жіберген сәттен бастап екі ай уақыт өтсе де, уәкілетті органдардың бұғаттау туралы өтінімді бір-біріне жолдауы салдарынан, заңдылыққа сәйкес, бұғаттау шаралары жүзеге асырылмаған.

Қағидалардың 89-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушілер электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу кезінде анықталған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осындай факті туралы өздеріне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінеді.

Яғни, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері тарапынан белгісіз себептермен, тиісті ақпарат бұғатталмағынан бөлек, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгіну бойынша ешбір түрдегі шаралар қолданылмады.

Ұсыныстар:

  1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 104-тармағына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

104-тармақ. Электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауды Қазақстан Республикасының Қазынашылық Комитеті веб-портал арқылы жіберілген бұғаттауға тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы немесе ішкі мемлекеттік аудит органдары тарапынан өтінімдер келіп түскен күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды зерделеу нәтижесімен, ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында жүзеге асырады.

  1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 207-бабының 14-тармағына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала жіберу хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау, электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттау бойынша өтінімдерді уақтылы қарамау, сол сияқты өтінімді қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі сипатталымын, оның ішінде дәлелді негіздемелерді көрсетпеу –

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Екінші, басқарманың көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімі бойынша:

- 2021 жылы 5,6 млрд. теңгеге 312 мемлекеттік сатып алу;

- 2022 жылдың бастапқы 5 айында 9,5 млрд. теңгенің 105 конкурсы өткізілген.

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды өткізу барысында келесі жағдай белгілі болды.

Қағидалардың 279-тармағында конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі бар әрбір жыл үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) мөлшерінде, бірақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.

Қағиданың 280-тармағында көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері сатып алынатын қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады делінген.

Қазіргі таңда,бөліммен өткізілген конкурстардың қорытынды хаттамаларына Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі-Департамент) бірқатар камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы (бұдан әрі-хабарлама) хабарламалар келтірілді.

Хабарламаларға жасалған мониторингтің қорытындысы негізінде, ең көп орын алған бұзушылықтар техникалық қадағалау жөніндегі қызметтер бойынша берілген шартты жеңілдіктерді дұрыс есептемеу болып отыр.

Атап айтқанда, бөліммен жарияланған 31.12.2021 жылы №6567349-1 «Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылында 90 орынға арналған балабақша құрылысы» бойынша техникалық қадағалау қызметін көрсету» конкурсының 28.02.2022 жылғы №6567349-ОК1 қорытынды туралы хаттамасына сәйкес әлеуетті өнім беруші «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС-не жұмыс тәжірибесі бойынша 9 жыл ішінде (2011-2016 және 2018-2020 ж.ж.) 4,5% шартты жеңілдігі берілген.

Ал, әлеуетті өнім беруші «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС-нің біліктілік туралы                 6-қосымшасында көрсетілген 2017 жылғы «20 орындық ауысымаралық демалыс үйін салу» объектісінің техникалық қадағалау бойынша қызметтер көрсету» тәжірибесі есепке алынған жоқ.

Анықтама ретінде.

2018 жылдың маусым айында «Terra Green» ЖШС-нің қатысуымен объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес аталған объект пайдалануға енгізілген, соның нәтижесінде «Terra Green» ЖШС-гі тарапынан шарттық міндеттемелер толық көлемде орындалған.

Хабарламада Департамент әлеуетті өнім беруші «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС-нің өтінімде ұсынылған 06.05.2021 жылғы №1112-21-00-2/221 сот шешіміне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі апелляциялық комиссиясының хаттарына, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмаларына сілтеме жасайды.

Яғни, жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар 2017 жылғы көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері ұсынылған деп есепке алған (құрылыс нысаны 2018 жылы аяқталған).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 нормативтік қаулысының 3-тармағына сәйкес,Шешiм Қазақстан Республикасының атынан заңға және нақты іс бойынша сот анықтаған фактiлерге қатаң сәйкестiкте шығарылады.

Осылайша, уәкілетті органмен қолданыстағы заңнама нормалары емес, сот шешімін басшылыққа алып, хабарлама беру фактілері орын алған.

Ұсыныстар:

1) Қағидалардың 280-тармағымен айқындалған «көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері сатып алынатын қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады» делінген норма ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.04.2014 жылғы                        №234 бұйрығымен бекітілген нысан «объектіні пайдалануға қабылдау актісі» электрондық көшірмелері сатып алынатын қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады делінген» тармаққа ауыстыру.

Аталған ұсыныстың енгізілуі қолданыстағы заңнаманы әртүрлі қолдану тетіктерін барынша азайтып, оны біркелкі қолдануға әрі дұрыс емес ақпарат беру фактілерін төмендетуге септігін тигізіп, техникалық қадағалау қызметтері нарығындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың дұрыстығын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді деп тұжырымдалады;

2) Қолданыстағы заңдылықта әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін есептеуде адал бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында, қайта ұйымдастыру, бірігу, бөліну немесе басқа да түрдегі мекемені қайта тіркеу шараларын есепке алмастан, тек кәсіпкердің өзіне тиесілі ғана жұмыс тәжірибесін есепке алу нормаларын қарастыру.

Үшінші, басқарманың тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімі бойынша:

- 2021 жылы 6,3 млрд. теңгеге 478 мемлекеттік сатып алу;

- 2022 жылдың алғашқы 5 айында 1,1 млрд. 79 мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылған.

Тауарларды мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды өткізу барысында келесі мән-жайлар анықталды.

  1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тапсырыс берушілер техникалық ерекшеліктерді жасақтауда, бірыңғай ұйымдастырушылар мен ұйымдастырушылар сатып алуды жариялау барысында ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсетеді.

  Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу веб-порталының «сыртқы сервистер» функционалында (электронды цифрлық қолтаңбамен кіру жағдайында) «Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры» интернет-порталына сілтеме жасақталғанымен, онда стандарттарға жаңарту                             01.09.2020 жылдан бастап тоқтатылғандығы нақтыланған.

Яғни, интернет желісіндегі заңды күші белгісіз жалпы мәліметті есепке алмағанда, ұлттық стандарттар және мемлекетаралық стандарттарды «Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры» интернет порталы арқылы «lib.egfntd.kz» сілтемесімен электрондық оқу залының интернет дүкені арқылы Қазақстан стандарттау және метрология институтының shop.ksm.kz сайтынан ақылы түрде ғана алуға мүмкіндік болып отыр.

Тиісінше, тапсырыс берушілерде бұл мақсатқа қаржы қарастырылмаған, ал, тегін стандарттар бөлігімен жұмыс жасау барысында, тауардың сипаттамасына өту барысында, «байланысты орнату мүмкін емес» делінген хабарлама көрсетіледі.

Сондай-ақ, shop.ksm.kz сайтынан кейбір тауар түрлеріне заңдылықта есепке алынуға жатпайтын СТ РК ИСО, ГОСТ Р, ГОСТ Р ИСО, ГОСТ EN, т.с.с. стандарттар ұсынылатынын атап өткен жөн. Ал, мұндай стандарттардың көрсетілуі заңдылық талаптарында айқындалмаған.

  1. Департаментпен 20.12.2021 жылғы №311 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесімен онда әлеуетті өнім берушілер ЖК «Жакипов А» және «BILIM» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС-нің конкурстық өтінімдері конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшеліктерді (3-қосымша) ұсынғаны анықталды деп көрсете келе, әлеуетті өнім беруші ЖК «Жакипов А» техникалық ерекшелігінде конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің талабына сәйкес, сатып алынатын тауарлардың қажетті маркасын, моделін, үлгісін және/немесе тауар белгісін және өндіруші елі көрсетілмеген. Бұл ретте конкурсқа сәйкес сатып алу мәні «оқу бөлмесі» - 1 жиынтық болып табылады делінген тұжырымға келген.

Бұл ретте, аталған тұжырым ешбір заңдылыққа сүйенбестен, жоғары тұрған орган – Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тәжірибесінде болған сот процесі барысында туындаған көзқарасына негізделген.

Ал, бұл өз ретінде, заңдылықпен белгіленбесе де, конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарауда әркелкі көзқарастарын қалыптастырып, заңнамада белгіленбеген өтінімдерді кері қайтару фактілеріне әкелуі мүмкін.       

Ұсыныстар:

1) мемлекеттік сатып алу веб-порталында жалпыға қолжетімді ұлттық және мемлекетаралық стандарттар базасын тиісті уәкілетті органның интернет-ресурсымен интеграция жасау арқылы қалыптастыру;

2) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің кодтары, яғни КТРУ сипаттамасында қолданыстағы стандарттарды көздеу;

3) Департаментпен қалыптастырылатын камералдық хабарламалардың сапалық тұрғыдан жоғары болуын қамтамасыз ету мақсатында, камералдық бақылау шеңберінде веб-портал арқылы келіп түсетін шағымдардың кезектілік негізінде автоматты түрде кез келген басқа аймақтың ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілуі. Мұндай жағдайда, белгілі бір аймақтың сатып алуы бойынша шағым қаралуы барысында сыбайластық көріністерінің болмауы қамтамасыз етіліп, өзге аймақтың аудитор тексерушілерімен қаралып, баға беріледі.

Төртінші, басқарманың облыстағы мемлекеттік сатып алуларға талдау жасау бөлімі бойынша:

  1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 58-4 бабына сәйкес аппеляция комиссиямен камералдық бақылау хабарламасы бойынша жолданған қарсылық 15 жұмыс күні және аудиторлық есеп бойынша қарсылық 30 жұмыс күні ішінде қаралады. Алайда іс жүзінде бұл норманың талаптары өз деңгейінде орындалып жатқан жоқ. Бүгінгі күнге дейін басқармамен жолданған қарсылықтардың басым көпшілігі аппеляциялық комиссиямен 2-3 ай мерзімде қаралып отыр. Бұл өз кезегінде, бюджет қаражатының игерілуіне және инфрақұрылымдық жобалардың өз деңгейінде жүзеге асырылуына кері әсерін тигізіп отыр.

Ұсыныс: Аппеляциялық комиссияның жауапкершілігін арттыру барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 207-бабына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

аудиторлық есепке немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға жолданған қарсылықты уақытылы қарамау –

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

  1. Қазіргі таңда қоғам өмірінің қай саласы болмасын мемлекеттік сатып алу рәсімімен байланысты. Мемлекеттік мекемеге қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алу дәл осы тетік арқылы жүзеге асады. Дегенмен, мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілі арқылы жүзеге асыру көп жағдайларда сыбайлас жемқорлық тәуекелін және мүдделер қақтығысын туғызуда.

Ұсыныстар:

1) Қазіргі таңда қолданыстағы Заңның 39-бабы ның 3-тармағымен жүзеге асырылатын барлық сатып алулар бойынша осы кезеңде жұмыс жасап тұрған 1, 16, 27, 29, 36, 41, 56 тармақшаларын қолдану секілді веб-порталмен форматтық-логикалық бақылау орнату. Яғни, тапсырыс берушілерде бір мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру барысында веб-порталдың бастапқы бетіндегі өнім берушілер тізбесіне енгізілмеген әлеуетті өнім берушілермен шарт жасау мүмкіндігі болмайды, тиісінше құқық бұзушылықтардың профилактикасы қамтамасыз етіледі.

2) камералдық бақылау жүргізу шараларының заңдылық талаптары бұзыла отырып жүргізілуі –

лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 24.11.2014 жылғы
    №511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес тапсырыс беруші бюджеттік өтінімді әзірлеу барысында сатып алынатын тауарлар, қызметтер мен жұмыстардың әрбір түрі бойынша кем дегенде
    үш прайс-парақтарын қоса тіркейді. Бұл өз кезегіндетапсырыс берушімен өнім беруші арасындағы бағалық сөз байласуға (ценовой сговор) және нарық субъектілерінің монополизациялануына әкеп соқтырады.

Ұсыныс: Бюджеттік жоспарлау саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау барысында бюджеттік өтінім ұсыну барысында өнім берушілермен ұсынылған прайс-парақтарын тіркеу талабын алып тастау ұсынылады. Оның орнына мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы «бағалар модулі» функционалының толыққанды жұмыс жасауын қамтамасыз ету ұсынылады.

  1. Негізгі қызметті үйлестіру және персоналды басқару қызметі.

Кадрлық құрам бойынша:

2021 жылы Басқарма құрылымында штат саны бойынша - 22 мемлекеттік қызметші және 7 штаттан тыс қызметкер жұмыс атқарды.

Кадрлық тағайындаулар мен босатулар бойынша: 2 мемлекеттік қызметші мен  1 штаттан тыс қызметкер қабылданды, 1 штаттан тыс қызметкер жұмыстан босатылды.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін басқарма құрылымында штат саны бойынша - 17 мемлекеттік қызметші және 7 штаттан тыс қызметкер жұмыс атқарды.

Кадрлық тағайындаулар мен босатулар және штат санын қысқарту бойынша: 2 мемлекеттік қызметші қабылданды, «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы
1 шілдедегі № 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 22.12.2021 жылғы №450 қаулысымен және 09.02.2022 жылғы
№483 қаулысымен өзгерістер енгізіліп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының 22 штаттық бірлігінен 17 штаттық бірлікке қысқартылуына байланысты 4 бос бірлік және 1 мемлекеттік қызметші қысқартылды.

Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

Басқарма бойынша 2021 жылы 1 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік шара қолданылды.

Атап айтқанда:

Облыс әкімі аппаратының бірыңғай тәртіптік комиссия отырсының 30.09.2021 жылғы хаттамасы негізінде басқарма басшысының 05.10.2021 жылғы №55-ЖҚ бұйрығымен басқарманың бас маманы А.Ахметовке мемлекеттік қызметшілерге белгіленген қызметтік әдепті сақтау талаптарының моральдық-әдептілік нормаларын жұмыстан тыс уақытта сақтамағаны үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

2022 жылы 31-мамырына:

Тәртіптік жаза қолданылмаған.

2021 жылдың осы кезеңіне дейін басқармада  сыбайлас жемқорлық санатына жататын заң бұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті жыл сайын мемлекеттік қызметшілерге анонимді түрдегі сауалнамаларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

1) Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі.

Басқармадағы мемлекеттік қызметшілерді іріктеу мен тағайындау барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.         

 

2) Лауазымға конкурстық іріктеуді жүргізбей тағайындау.

2021 жылы Басқарма басшысының 30.06.2021 жылғы №40-жқ бұйрығымен басқарма құрылымы өзгертіліп басқарманың мемлекеттік қызметшілері қайта тағайындалды (бұйрық көшірмесі қоса жалғанды).

2022 жылы «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 22.12.2021 жылғы №450 қаулысымен басқарманың 22 штаттық бірлігінен 18 штаттық бірлікке қысқартылуына байланысты Басқарма басшысының 05.01.2022 жылғы №2-жқ бұйрығымен басқарма құрылымы өзгертіліп, басқарманың мемлекеттік қызметшілері қайта тағайындалды (бұйрық көшірмесі қоса жалғанды).

Сонымен қатар, Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 09.02.2022 жылғы №483 қаулысымен өзгерістер енгізіліп басқарманың 18 штаттық бірлігінен 17 штаттық бірлікке қысқартылуына байланысты, Басқарма басшысының 25.03.2022 жылғы №2-жқ бұйрығымен басқарма құрылымы өзгертіліп, басқарманың мемлекеттік қызметшілері қайта тағайындалды (бұйрық көшірмесі қоса жалғанды).

3) Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау.

Басқарманың бос лауазымдарына конкурс өткізу облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурстық комиссиясы арқылы жүзеге асырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi. Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау болған жоқ, заңға сәйкес конкурстық процедуралар өткізілді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақстан Республикасының  Конституциясында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында және өзге де заңнамасында белгіленгендерден туындайтын лауазымдық өкілеттіктері және жауаптылығы біліктілік талаптары негізінде айқындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Басқармада біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау  фактілері орын алған жоқ.

 

4) Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурстар өткізу кезінде хабарландырулар мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.

Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау фактілері болған жоқ.

5) Іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болмауы (бос орын туралы хабарландыруды орналастыру, құжаттарды қабылдау, әңгімелесу, тестілеу және т.б.).

Басқарманың конкурсы бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді. Бірыңғай конкурс отырысы кезеңінде басқарма тарапынан жарияланған конкурстарда тиісті құжаттарды рәсімдеу облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.

6) Әңгімелесу және тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру және қорғау тетігінің болмауы.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс бойынша әңгімелесу мен тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру бірыңғай конкурс өткізу бойынша облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.

7) Кандиттар үшін әркелкі жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттар үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

8) Үміткерлерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын тұлғалардың мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етпеу.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлер мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиiс. Басқарма тарапынан мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылданады.

Тiкелей басшы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, оның iшiнде:1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруға; 2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге; 3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға тиіс. Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта болады.

9) Жұмыскерлерді конкурстық іріктеу жүргізбей лауазымға жоғарылату, өзге лауазымдарға ауыстыру.

Басқарма бойынша жұмыскерлерді конкурстық іріктеу жүргізбей, лауазымға жоғарылату, өзге лауазымдарға ауыстыру фактілері орын алған жоқ.

10) Талдау объектісі қызметкерлерінің жалақысы, көтермелеулері туралы ақпараттың жабықтығы.

Мемлекеттiк қызметшiлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілерге, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын тиісті заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

11) Тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда, жұмыскерлерді көтермелеу.

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады.     Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы негізінде, тәртіптік жазалары бар қызметкерлерге басқарма тарапынан сыйақы  берілмейді.

12) Мерзімнен бұрын алынған жазалардың көптігі.

Басқарма тарапынан тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жазаларын алу қолданыстағы заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, 2021 жылы және 2022 жылдың осы кезеңіне дейін тәртіптік жазаны тым қысқа мерзімде алу фактілері орын алмаған.

13) Жұмыс нәтижелеріне қарамастан, талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша қызметкерлерді көтермелеу.

Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының ұсынысы негізінде сыйлықақы беру жөнінде  шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді атқарған жұмыстарының нәтижесіне сәйкес мемлекеттік мерекелерде марапаттауға ұсыныстар жолданып тұрады.

14) Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау.

Басқарма тарапынан тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жазаларын алу қолданыстағы заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, 2021 жылы және 2022 жылдың осы кезеңіне дейін тәртіптік жазаны тым қысқа мерзімде алу фактілері орын алмаған.

15) Заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңына сәйкес, Заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа да фактілер орын алған жоқ.

Сонымен қатар, айта кететін жайт, жұмысқа қабылданатын әрбір қызметкерді (мемлекеттік және штаттан тыс) қызметке қабылдамас бұрын осы тексеруден өтеді.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша.

2021 жыл және 2022 жылдың 31 мамырына дейін Басқарма бойынша мүдделер қақтығысы фактілері  анықталған жоқ.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша

Басқармамен мемлекеттік қызметтің бұл түрі көрсетілмейді:

4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша

Басқармамен мемлекеттік қызметтің бұл түрі көрсетілмейді:

5.Бақылау функцияларын іске асыру

2014 жылы аймақ басшысың қолдауымен республикада алғашқылардың бірі болып облыс көлемінде мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып Мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылды.

Басқармамен 2021 жылы 1049 (61,5 млрд.) сатып алу өткізілсе, 2022 жылдың      5 айында 281 (47,6 млрд.) сатып алу ұйымдастырылған.

6.Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

Басқарманың жеке қабылдау кестесі Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс №1  мекен жайында орналасқан Облыс әкімдігі ғимаратының                    1 қабатында көпшілікке көрінетін жерге ілініп, арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі басқарманың қабылдау бөлімінде орналастырылған.

2021 жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 64 өтініш келіп түскен, оның 8-і жеке тұлғалардан, 56-ы заңды тұлғалардан келіп түскен, 62 жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдаулар өткізілген.

Ал, 2022 жылдың 5 айында жеке және заңды тұлғалардан 13 өтініш келіп түскен, оның 1-і жеке тұлғалардан, 12-і заңды тұлғалардан келіп түскен, 18 жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдаулар өткізілген.

Басқарма қарауына келіп түскен барлық өтініштер қолданыстағы заңдылықпен белгіленген тәртіпте қаралған.                                

Басқарманың мемлекеттік сатып алулары «Мемлекетік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2021 жылғы Басқарманың мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары басқарма басшысының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №1326-нқ бұйрығымен бекітілсе, 2022 жылғы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары басқарма басшысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №1746-нқ бұйрығымен бекітілген.

Басқарманың 2021 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында кеңсе тауарларын және өзге де қызметтерге (1С бағдарламасын, Парус-Каз)
19 шарт жасалса, 2022 жылдың бес айында 14 мемлекеттік сатып алу шарттары жасалған, құзырлы органдардан ескертпе немесе шағымдар келтірілмеген.

  • -А. Қуандық
  • -А. Серіков
  • -А. Сахиұлы
  • -Е. Шәмшиев
  • -К. Алдажарова
  • -Ж. Бауыржан
Дата публикации
31 мая 2022
Дата обновления
31 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы есебі
02 октября 2026
2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ
02 сентября 2026
2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

Социальные медиа

Әлеуметтік желілер

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы