Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ағымдағы жылдың 24 маусымдағы №413-нқ бұйрығына сәйкес басқарманың әкімшілік-шаруашылық және құқықтық жұмыстар бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.Талдау жүргізу басқарманың тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Қ.Ермаханов пен тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Г.Әлсеріковаға тапсырылды.
Ішкі талдау басқарманың әкімшілік-шаруашылық және құқықтық жұмыстар бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын фактілер анықталмағанымен, қызметті тиімді үйлестіруге ұсыныстар берілді.