Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында басқармаға заңды тұлға өкілдерінен барлығы 20 өтініш келіп түсті. Оның 7-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалғаны заңда белгіленген мерзімдерде қаралып, өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріле отырып, жазбаша жауаптар жолданды.
Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.
Талдаумен қамтылған мерзімде жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.