2022 жылдың I-тоқсанында басқармаға жеке және заңды тұлға өкілдерінен барлығы 17 өтініш келіп түсті. Оның 4-і жеке тұлғалардан түссе, қалған 13-і заңды тұлғалардан түскен.
Аталған өтініштер заңда белгіленген мерзімдерде қаралып, өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріле отырып, жазбаша жауаптар жолданды.
Сонымен қатар, 2022 жылдың I-тоқсанында сот органдарына түскен және Басқарма тарапынан сотқа жігінген арыздар саны 17 істі құрады. Атап айтқанда 4 іс бойынша жауапкер ретінде қатысып, оның ішінде 3 іс қанағаттандырусыз қалдырылса 1 іс жалғасуда. Қалған 13 іс бойынша талапкер ретінде сотқа жүгініп, қазіргі таңда 3 іс қанағаттандырусыз қалдырылса қалғаны жалғасуда.
2022 жылдың 16 наурыз күні Басқарма басшысының орынбасары Қуандық Алтынай Қуандыққызының төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері Козбағарова Жанар Жалғасбайқызы және Тұраров Рашид Ғаниұлының қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ҚР мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексі талаптарының сақталуы жөніндегі» тақырыбында басқарма қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.
Аталған шара барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру бойынша басқарма қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары туралы талқыланды.
Сонымен қатар, бөліммен басқарма қызметкерлеріне «Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі бойынша» тақырыбында құқықтық оқыту өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпараттар басқарманың ресми интернет-ресурстарында жарияланып отырады.
Сонымен қатар, басқарма қызметкерлерінің ұйымдастыруымен де онлайн режимінде бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Осы бағыттағы жүргізіліп отырған шаралар бойынша мәліметтердің барлығы басқарманың ақпарат ресми интернет-ресурсына уақытылы орналастырылуда.
Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар тиісті деңгейде өз жалғасын табатын болады.