Бөлімнің 2021 жылдың жарты жылдығына арналған жұмыс жоспары бекітіліп, белгіленген шаралар қазіргі таңда жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың IV-тоқсанында басқармаға жеке және заңды тұлға өкілдерінен барлығы 24 өтініш келіп түсті. Оның 3-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 21-і заңда белгіленген мерзімдерде қаралып, өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріле отырып, жазбаша жауаптар жолданды.
Басқарма құзыреті шеңберіндегі барлық мәселелер ашық және жария түрде электронды сипатта мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіліп отыр.
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры Мадалиева Ақзада Алайдарқызының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс қызметі бойынша оқу семинары өткізілді.
Аталған шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша, сонымен қатар комплаенс қызметі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бір қатар сұрақтар мен пікір алмасулар жасалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпараттар басқарманың ресми интернет-ресурстарында жарияланып отырады.
Азаматтар тарапынан, оның ішінде әлеуетті өнім берушілерден сұранысқа ие мемлекеттік сатып алу саласы бойынша Басқармамен 2021 жылдың IV тоқсаны бойынша 2 рет «Facebook» әлеуметтік желісінде интернет-конференция өткізілді.
Бұған қоса, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден сақтандыру, алдын алу мақсатында олардың кәсіби біліктілігі мен құқықтық деңгейін арттыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл сипаттағы түсіндіру шаралары әрдайым басқарма басшылығы жанындағы мәжіліс барысында да жүргізілуде.
Осы бағыттағы жүргізіліп отырған шаралар бойынша мәліметтердің барлығы басқарманың ақпарат ресми интернет-ресурсына уақытылы орналастырылуда.
Сонымен қатар, Басқармамен ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алулар бойынша сот органдарына әлеуетті өнім берушілер тарапынан түскен және анықталған анық емес ақпарат бойынша басқарма жүгінген талап арыз саны 8-ді құрайды. Оның ішінде 4 іс-қаралу сатысында, 2 іс-апелляциялық сатыда, 2 іс аяқталды.
Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар тиісті деңгейде өз жалғасын табатын болады.