Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасында 2021 жылдың I-жартыжылдығы бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша ақпараты

  1. Жалпы сипаттама.

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы №515 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

         Басқарманың  құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.

         Басқарма құрылымы Басқарма басшысы, басшының орынбасарлары,                  5 бөлім, атап айтқанда: 1) №1 мемлекеттік сатып алу бөлімі, 2) №2 мемлекеттік сатып алу бөлімі, 3) №3 мемлекеттік сатып алу бөлімі, 4) Құқықтық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімі, 5) Мемлекеттік сатып алуларды мониторингтеу бөлімдерінен тұрады.

         Басқарманың штат кестесі бойынша 29 орын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 22, штаттан тыс қызметкерлер саны – 7. Нақты атқарып отырған қызметкерлер саны - 22, бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкерлер саны – 3, бос орын- 4.

         Мемлекеттік қызметшілер құрамы жағынан 23-29 жасқа дейін – 7 адам,
30-39 жасқа дейін – 8 адам, 40-49 жасқа дейін – 3 адам.

         Басқарма басшысының 05.03.2021 жылғы №524-бұйрығына сәйкес, №1 мемлекеттік сатып алу бөліміне ішкі талдау жүргізіледі.

         №1 мемлекеттік сатып алу бөлімінде 5 қызметкер (4–мем. қызметші, 1-шт. тыс қызметкер)  жұмыс атқарады.

2021 жылдың 1-жартыжылдығында бөлімнің 1 қызметкері қайта даярлау курсынан өтті, біліктілігін арттыру курсынан өткен мемлекеттік қызметшілер болған жоқ. 

         Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» Қызылорда облысы бойынша филиалында №1 мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы А.Ахметов қайта даярлау курсынан өтті.

         Бөлімде жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғалар туралы фактілер анықталған жоқ. Сонымен қатар, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Бөлімнің әр қызметкері лауазымдық міндеттеріне сәйкес өз жұмысын атқарып келеді.

         Бөлім қызметкерлерімен құқықтық оқытулар, мемлекеттік сатып алу саласы бойынша заңнамаға түсіндірме сұрау жұмыстары жүргізілмегендігі анықталды.

         Қазіргі таңға дейін, бөліммен 4 млрд. 163 млн теңгені құрайтын 344 мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылды. Қайта жарияланған конкурстарды қосқанда 438 мемлекеттік сатып алу өткізілді.

         Аталған конкурстар бойынша қорытынды хаттамаларға конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушілердің шағымдарына байланысты ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (әрі қарай-Департамент) 7 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (әрі қарай-хабарлама) келтірілді.

         Департаментпен келтірілген 7 хабарламаның 3-не қарсылық келтіріліп, қанағаттандырусыз қалдырылды.

  1. Ішкі талдау жүргізу үшін негіздеме.

         Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ағымдағы жылдың
05 наурызындағы № 524-НҚ бұйрығы.

  1. Ішкі талдау жүргізу объектісі.

         Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының (әрі қарай - Басқарма) №1 мемлекеттік сатып алу бөлімі.

  1. Ішкі талдау жүргізу түрі.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

         Басқарманың құқықтық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің қызметі реттелетін нормативтік құқықтық актілер және құқықтық актілер негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

  1. Ішкі талдау жүргізу ауқымы.

         2021 жылдың шілде айында. 2021 жылдың I-жартыжылдығы.

  1. Ішкі талдау жүргізу уақыты: 5 жұмыс күні жұмсалды.

         Талдауды Басқарманың бөлім басшылары А. Сахиұлы, Б. Сыздық және Е.Шәмшиев жүргізді.

         Талдау басқарма басшысының орынбасары А. Қуандықтың қатысуымен жүргізілді.

  1. Талдау барысында анықталғандар және нәтижесімен білдірілетін ұсынымдар.

         Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңының (әрі қарай - Заң) 21-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, техникалық өзіндік ерекшелік қамтылуға тиіс. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.

         Бұл ретте техникалық өзіндік ерекшелікте өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс.

         Басқарманың №1 мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытын тексеру барысында жоғарыда аталған Заңның талаптары бөліммен қолданылмағаны анықталды.

         Мысалы:

         1) Бөліммен 21.01.2021 жылы жарияланған №5347338-1, 5347343-1, 5347336-1, 5346995-1, 5347303-1, 5347312-1, 5346880-1, 5347322-1, 5347326-1, 5347330-1, 5347333-1, 5347313-1, 5346976-1, 5347351-1, 5347353-1, 5347354-1, 5347368-1  «Қызылорда облысының ауылдық округтерін аяқсумен қамтамасыз ету үшін каналдарына секундына 500 л су айдайтын дизельді насос қондырғысын сатып алып, жеткізіп беру»  бойынша ашық конкурстарын жариялау барысында стандарттар көрсетілмеген, яғни Заңның 21-бабының талаптары сақталмаған. Ұсынылады:

         1) Жұмыс алгоритмін қалыптастыру;

         2) Бөлім қызметкерлерінің қызметтік бөліністерін белгілеу;

         3) Құқықтық оқыту ұйымдастыру;

         4) Конкурс жобасын алдын-ала талқылау;

         5) Конкурс жобасын жетекшілік ететін басқарма басшысының орынбасарымен келісу;

         6) Комиссия мүшелерін бұйрықпен уақытылы (конкурсты мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға дейін) таныстыру.

         2) Заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес, жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында): 1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді (аванс) көрсетуге; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті делінген.

         Алайда, Бөліммен мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде конкурстық құжаттамаға 2-қосымшасында елу пайыз мөлшерінде алдын-ала төлем (аванс) қойылған. Дәлірек айтқанда, №5469800-2 «№ 22 орта мектепке арналған дизель отыны» конкурсы.

         Ұсынылады:  

         1) Жұмыс алгоритмін қалыптастыру;

         2) Бөлім қызметкерлерінің қызметтік бөліністерін белгілеу;

         3) Құқықтық оқыту ұйымдастыру;

         4) Сатып алуларды жариялау алгоритмін қалыптастыру;

         5)Конкурс жобасын алдын-ала талқылау;

         6) Конкурс жобасын жетекшілік ететін басқарма басшысының орынбасарымен келісу;

         7) Комиссия мүшелерін бұйрықпен уақытылы (конкурсты мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға дейін) таныстыру.

         3) Бұдан бөлек, №5284252-1 «"Жас маман" жобасы бойынша "Дәнекерлеу ісі" шеберханасына арналған жабдықтар» ашық конкурсының өтпеді деп танылған қорытынды хаттамасына Департаментпен хабарлама келтіріліп, конкурстық комиссия мүшелерінің шешімі дұрыс еместігі келтірілген.

         Яғни, хабарламада конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған техникалық ерекшеліктері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі айтылған. Нәтижесінде хабарламаға сәйкес қорытынды хаттама қайта қаралды.

         Осы тектес, №5287818-1, 5284451-1, 5284425-1, 5781466-2, 5596397-1 конкурстары бойынша да дәл осындай қателіктер орын алып, хабарлама негізінде қорытынды хаттамалары қайта қаралды.

         Ұсынылады:  

         1) Жұмыс алгоритмін қалыптастыру;

         2) Бөлім қызметкерлерінің қызметтік бөліністерін белгілеу;

         3) Құқықтық оқыту ұйымдастыру;

         4) Сатып алуларды жариялау алгоритмін қалыптастыру;

         5) Сатып алулардың жариялануы бойынша әдістемелік құрал жасату;

         6) Конкурс жобасын алдын-ала талқылау;

         7) Конкурс жобасын жетекшілік ететін басқарма басшысының орынбасарымен келісу;

         8) Комиссия мүшелерін бұйрықпен уақытылы (конкурсты мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға дейін) таныстыру.

         4) №5740523-1 «Қызылорда облысы Арал ауданы Ақирек ауылдық округін аяқсумен қамтамасыз ету үшін секундына 500 л су айдайтын дизельді насос қондырғысын сатып алып, жеткізіп беру» конкурсының қорытынды хаттамасына сәйкес жеңімпаз мекеме анықталып өтті деп танылды.

         Алайда, екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен шағым келтіріліп, департаменттің хабарламасы негізінде қорытынды хаттама қайта қаралды. Яғни, шағым берушінің жұмыс тәжірибесі бойынша шартты жеңілдігі конкурстық комиссия мүшелерімен дұрыс берілмеген. Нәтижесінде, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз мекеме болып анықталды.

         Ұсынылады:  

         1) Жұмыс алгоритмін қалыптастыру;

         2) Бөлім қызметкерлерінің қызметтік бөліністерін белгілеу;

         3) Құқықтық оқыту ұйымдастыру;

         4) Сатып алуларды жариялау алгоритмін қалыптастыру;

         5) Сатып алулардың жариялануы бойынша әдістемелік құрал жасату;

         6) Конкурс жобасын алдын-ала талқылау;

         7) Конкурс жобасын жетекшілік ететін басқарма басшысының орынбасарымен келісу;

          8) Комиссия мүшелерін бұйрықпен уақытылы (конкурсты мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға дейін) таныстыру.

  1. Талдау барысында жүргізілген жұмыс туралы.

          «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңына, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына және басқарманың құқықтық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің қызметін қозғайтын құқықтық актілерге сүйене отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытына талдау жұмыстары жүргізілді. Қорытындысымен ішкі талдау актісі жасалды.

Дата публикации
19 июля 2021
Дата обновления
19 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы есебі
02 октября 2026
2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ
02 сентября 2026
2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

Социальные медиа

Әлеуметтік желілер

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы