1) облыс әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
2) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін, Тапсырыс беруші айқындаған кезде Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болады.;
3) Тапсырыс берушіден Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілгеннен немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты алу;