Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы

 

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ҚР мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексі талаптарының сақталуы жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, белгіленген шаралар қазіргі таңда жүзеге асырылуда.

Бектілген іс-шаралар жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың 1 наурыз күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Убайдуллақызының және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айтимов Мұрат Жолдасбекұлының қатысуларымен Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары», сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс ISO 37001 халықаралық стандарты» тақырыптарында құқықтық оқыту шарасы өткізілді.

Аталған шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс ISO 37001 халықаралық стандартымен жұмыс жасау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бір қатар сұрақтар мен пікір алмасулар жасалды.

Сондай-ақ, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетовтың қатысуымен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Азаматтар тарапынан, оның ішінде әлеуетті өнім берушілерден сұранысқа ие мемлекеттік сатып алу саласы бойынша Басқармамен  бірнеше рет «Facebook» әлеуметтік желісінде интернет-конференция өткізілді.

Бұған қоса,қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден сақтандыру, алдын алу мақсатында олардың кәсіби біліктілігі мен құқықтық деңгейін арттыру жұмыстары  жүзеге асырылуда. Бұл сипаттағы түсіндіру шаралары әрдайым басқарма басшылығы жанындағы мәжіліс барысында да жүргізілуде.

Сонымен қатар, басқарма құзыреті шеңберіндегі барлық мәселелер ашық және жария түрде электронды сипатта мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіліп отыр.

Алдағы уақыттада бұл бағыттағы жұмыстар тиісті деңгейде өз жалғасын табатын болады.

Дата публикации
09 апреля 2021
Дата обновления
09 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы есебі
02 октября 2026
2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ
02 сентября 2026
2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

Социальные медиа

Әлеуметтік желілер

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы