Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен 2020 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Басқарма басшысының бұйрығымен 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.
ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Ағымдағы жылдың 5 мамырында «Мемлекеттік сатып алу барысындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері» тақырыбында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Едігеев Ғалым Қайырбекұлы «Мемлекеттік сатып алу барысындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері» тақырыбында тікелей эфир өткізіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, отырыста 8 ай қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқарма басшысы Ғалым Едігеев «Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру» пилоттық жобасының орындалу барысы және арнайы тәртіптегі мемлекеттік сатып алулар туралы баяндама жасалды.
Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйек күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Жакудаев Нұғман Үсенұлымен Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлеріне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " тақырыбында құқықтық оқыту өткізіліп, оқыту барысында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне " мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тану бойынша басқарма қызметкерлерімен пікір алмасулар жасалды.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында кезекті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» тақырыбында құқықтық оқыту өткізілді. Оқуды №2 мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Қали Айнұр Асқарбекқызы жүргізді. Дәріс барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» түсіндірме беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара еркін пікір алмасу нәтижесі басқарма қызметкерлерінің əрдайым ізденісте болуына ықпал етеді деген сенімдеміз.
ANTIKOR.LIVE жобасы аясында 2020 жылдың 5 қазан күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Едігеев Ғалым Қайырбекұлы және басқарма басшысының орынбасары Қуандық Алтынай Қуандыққызы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы мен мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңашылдықтар» бойынша тікелей эфир өткізілді.
Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.