2026 жылдың 6 ай бойынша атқарған жұмыстары туралы
2026 жылдың 6 ай бойынша басқармаға жеке және заңды тұлға өкілдерінен барлығы 133 өтініш келіп түсті. Оның 56 қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, 77-і заңда белгіленген мерзімдерде қаралып, өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріле отырып, жазбаша жауаптар жолданды.
Басқарма басшылығымен 12 жеке қабылдау жүргізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Талдаумен қамтылған мерзімде жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.