Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргуздің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қантардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының (әрі қарай – Басқарма) 2025 жылғы 25 ақпандағы №804-НҚ бұйрығымен құрылған құрамдағы жұмыс тобымен Басқарманың қызметіне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
26.03.2025 жылы «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сиюов Сагатбек Куанышбаевичтың және басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау отырысы өткізіліп, олардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Оған қоса, жария талқылау қорытындысымен ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою жөніндегі іс-шара жоспарын белгілеу ұсынылды.
03.04.2025 жылы ішкі талдаудың нәтижесімен талдамалық анықтама жасақталып, Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдыртпау мақсатында қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығын жетілдіру бойынша 5 ұсыным берілді.
04.04.2025 жылы Басқарма басшысымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар бойынша ақпараттар Басқарманың ресми интернет-ресурсына жарияланды.
Сонымен қатар, жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен саладағы нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 5 ұсыным жолданып, ол ұсынымдар уәкілетті орган тарапынан қазіргі таңда қаралуда.
Атап айтқанда, 07.04.2025 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған профилактикалық шара ұйымдастырылған болатын.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен, басқарма қызметкерлеріне қылмыс жасады деп айыпталған тұлғаларды Қызылорда облысы бойынша қылмыстық–атқару жүйесі департаментінің №68 түзету мекемесінде ұстау режимімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.
05.06.2025 жылы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастырылуымен Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Нажмедденұлы мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаевтың қатысуында басқарма қызметкерлеріне «Әдеп кодексі нормаларын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері» және «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттері» тақырыбында арнайы жиын өткізілді.