2023 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарының хаттамалары
Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай-Басқарма) өткізіліп келеді.
2023 жылдың қорытындысымен Басқармамен 373 574,57 млн.теңгеге барлығы 5 260 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды (с.і. 1310 конкурс қайта жарияланған). Конкурстар саны 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 43 пайызға ұлғайды.
5 260 конкурстың 3 933 (310 257,00 млн.тг) ашық конкурс, 19 (387,67 млн.тг) аукцион, 707 (61 203,40 млн.тг.) рейтингтік-балдық жүйе, негіздемелік келісім 24 (119,01 млн.тг.), 577 (1 607,48 млн.тг.) біліктілікті іріктеу арқылы өткізілді.
Сонымен бірге, 5 260 конкурстың 1 644 тауарлар (32 261,12 млн.тг.), 2 002 жұмыстар (315 422,45 млн.тг.), 1 614 көрсетілетін қызмет (25 890,99 млн.тг.) түрлері бойынша өткізілді.