2025 жылдың 3 тоқсандағы Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының атқарылған жұмыстар туралы есеп

2025 жылдың 3-тоқсандағы Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының атқарылған жұмыстар туралы есеп

Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірығай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып басқармасымен (әрі қарай Басқарма) өткізіліп келеді.

2025 жылдың 3-тоқсан бойынша Басқармамен 254 млрд.теңгеге барлығы 2 939 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.

2 939 конкурстың 2289 ашық конкурс, 506 конкурс рейтингтік-балдық жүйемен, 104 алдын ала іріктеу, 40 аукцион арқылы өткізілді.

Сонымен бірге, 2 939 конкурстың – 954 тауарлар (59,6 млрд.теңге), 1088 жұмыстар (179,9 млрд.теңге), 897 көрсетілетін қызмет (14,3 млрд.теңге) түрлері бойынша өткізілді.

Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін 9 ай бойынша 10 онлайн-конференция, 15 семинар-кеңес, 3 дөңгелек үстел, 2 брифинг және қызметкерлер арасында 30 құқықтық оқыту ұйымдастырылды.

Дата публикации
08 октября 2025