2025 жылдың 1-тоқсандағы Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының атқарылған жұмыстар туралы есеп
Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай -Басқарма) өткізіліп келеді.
2025 жылдың 1-тоқсан бойынша Басқармамен 185 млрд.теңгеге барлығы 86 198 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.86 198 конкурстың 1679 конкурс, 62 898 баға ұсыныстарын сұрату, 6 696 бір көзден алу, 14 925 электрондық дүкен арқылы өткізілді.
Сонымен бірге, 1679 конкурстың - 455 тауарлар (13,4 млрд.теңге), 620 жұмыстар (117 млрд.теңге), 604 көрсетілетін қызмет (9,6 млрд.теңге) түрлері бойынша өткізілді.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін 1-тоқсан бойынша 1 онлайн-конференция, 4 семинар-кеңес, 1 дөңгелек үстел, 1 брифинг және қызметкерлер арасында 10 құқықтық оқыту ұйымдастырылды.