Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат
«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді.
Іс-шаралар жоспары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау өткізілді.
Сондай-ақ, арнайы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлеріне құқықтық оқыту және семинарлар шаралары өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу жөнінде қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша басқа да статистикалық мәліметтермен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дайындалған арнайы бейнероликтермен таныстырылды.
Басқарманың барлық кабинеттерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұсынылған «Пара алу, пара беру – Бұл қылмыс», «Сыбайлас жемқорлық фактілер туралы хабарлағаны үшін көтермелеу сыйақы», «Call centre 1424» туралы ақпараттар әзірленген.
Іс шаралар жоспарына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл туралы» бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары толығымен жүргізілді.