Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімімен 2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

2023 жылғы жағдай бойынша бөліммен жалпы қаржысы 25 млрд 947 млн. теңгеге 1 614 сатып алу жарияланды. Ашық конкурс тәсілімен -1 461 сатып алу, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс – 153. Оның ішінде:

Инжинирингтік қызмет – 922 (7 млрд. 092 млн.),

Күзет қызметі – 102 (359 млн. 782 мың),

Тамақтандыру – 14 (793 млн. 438 мың),

Жалға алу – 33 (348 млн. 854 мың),

Өзге де қызметтер – 543 (17 млрд. 298 млн.)

Техникалық қадағалау қызметі бойынша 2023 жылы 4 млрд. 930 млн. құрайтын жеңімпаз болған 69 мекемемен 776 шарт жасалды.

Бөліммен өткізілген конкурстарға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы келген хабарлама – 178, оның ішінде:

Қарсылық келтірілгені – 35,  

Қанағаттандырылғаны – 28

Дата публикации
24 января 2024