«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

  1. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»
    коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу басқармасы) уәкілетті органмен айқындалған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
    тізбесіне сәйкес және тізбеге енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды,
    көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша, тапсырыс берушімен бірлесіп конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы бірыңғай ұйымдастырушының келісімімен Қызылорда облысында осындай мемлекеттік сатып алуларды жүргізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік сатып алу басқармасының ведомстволары жоқ.
  3. Мемлекеттік сатып алу басқармасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мемлекеттік сатып алу басқармасы коммуналдық мемлекеттiк мекеменің
    ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Мемлекеттік сатып алу басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Мемлекеттік сатып алу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Мемлекеттік сатып алу басқармасы өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  8. Мемлекеттік сатып алу басқармасының құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1.
  10. Осы Ереже Мемлекеттік сатып алу басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметiн каржыландыру
    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге
    асырылады.
  12. Мемлекеттік сатып алу басқармасына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен
    мемлекеттік сатып алу басқармасының өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Мемлекеттік сатып алу басқармасына заңнамалық актiлермен кiрiс
әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс,
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.

 

2-тарау. Мемлекеттік сатып алу басқармасының мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржының оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;

3) әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

Мемлекеттік сатып алу басқармасы өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:

мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға
құқылы;

2) міндеттері:

заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға,
олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды
ұйымдастыруға;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға
міндетті.

  1. Функциялары:

1) уәкілетті органмен айқындалған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес және тізбеге енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша, тапсырыс берушімен бірлесіп конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы бірыңғай ұйымдастырушының келісімімен осындай мемлекеттік сатып алуларды жүргізуге жүзеге асыру;

2) тапсырыс беруші айқындаған кезде, алдағы мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің мүдделерін білдіретін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және/немесе бірыңғай ұйымдастырушы ретінде болу;

3) тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген не мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат негізінде жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын, тапсырмасы негізінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;

5) тапсырыс беруші ұсынған Қағиданың 115-тармағында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырманың негізінде бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлейді және бекітеді;

6) конкурс (аукцион) өткізудің шарттары мен тәртібін айқындау үшін Қағидаға сәйкес конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) қазақ және орыс тілдерінде веб-порталда орналастырады;

7) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылауды ұйымдастыру;

8) Қағидаларға сәйкес конкурс (ашық конкурс, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып конкурс, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс), аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды  жүзеге асыру;

9) Қағидаларға сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

10) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

11) әрбір конкурсқа (аукционға) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын жеке бекіту және конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) хатшысын айқындау;

12) Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы анықтайтын және бекітетін конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдерін енгізу мүмкіндігін қарастыру;

13) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

14) Мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;

15) Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;

16) заңнамамен көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруды жүзеге асыру;

17) заңнамамен көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа
немесе аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын тиісті бюджет кірісіне жатқызу;

18) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын
айқындау;

19) заңнамамен бекітілген жағдайларда тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама негізінде жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу;

20) заңнамамен бекітілген тәртіпте баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыру;

21) заңнамамен бекітілген тәртіпте бір көзден алу, электрондық дүкен арқылы тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;

22) заңнамамен көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазына мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жіберу;

23) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

 

3-тарау. Мемлекеттік сатып алу басқармасының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Мемлекеттік сатып алу басқармасын басқаруды бiрiншi басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Мемлекеттік сатып алу басқармасының бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Мемлекеттік сатып алу басқармасының бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Мемлекеттік сатып алу басқармасының бiрiншi басшысының өкiлеттiктері:

1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде Қызылорда облысы әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Мемлекеттік сатып алу басқармасын бiлдiредi;

3) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын Мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

5) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын Мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) Мемлекеттік сатып алу басқармасының атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) шарттар жасасады;

9) сенімхаттар береді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

11) Мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

12) облыс әкімдігі мен Қызылорда облысы әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

13) Мемлекеттік сатып алу басқармасының құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік сатып алу басқармасының бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

 

4-тарау. Мемлекеттік сатып алу басқармасының мүлкi

 

  1. Мемлекеттік сатып алу басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда
    жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Мемлекеттік сатып алу басқармасының мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк,
сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

  1. Мемлекеттік сатып алу басқармасына бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік сатып алу басқармасы өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік сатып алу басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мемлекеттік сатып алу басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Дата публикации
19 июля 2022