ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

26 маусым 2026 жыл                                                                   Қызылжарма ауылы

 

              КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып табылады.
  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрғасаның 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының»
    2- тармағына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 28 мамырдағы №18/Ө өкімімен құрылған төмендегі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

Әбдірахманов Шәріп       -    Қызылжарма ауылдық округі әкімі,

Әкбарұлы                                  топ жетекшісі;

Орынбай Айкөркем          -    Бас маман /есепші/, топ мүшесі;

Аманкелдіқызы

Калыкулова Салтанат    -    Жетекші  маман /ішкі саясат/, топ мүшесі;

Каржаубаевна

Бекетаева Жанар               -    Жетекші маман, топ мүшесі;

Шаукатовна

Кайырбаева Айгул            -    Жетекші маман, топ мүшесі;

Жалгасбековна           

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
    02.06 - 26.06.2026 жыл аралығында жүргізілді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 26.06.2025-26.06.2026 жыл аралығындағы кезең қамтылды.
  3. Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Ш.Әбдірахманов - топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

 

 

 

 

 

 

              СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

              І. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

            Талданатын объект туралы мәліметтер:

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты - құзыреті шегінде Қызылорда қаласы әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.

Аппарат өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120010, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылы, Қ.Сексенбаев көшесі, №13.

            ІІ. Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне, оны ұйымдастыру – басқару қызметін рейттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

- Қазақстан Республикасының 2026 жылы 15 наурыздағы Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2025  жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексі;

- «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының»Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

- «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының             2024 жылғы 1 шілдедегі  Заңы және басқа да қолданыстағы құқықтық актілер;

- «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңы;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексі;

- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы;

- «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 
10 шілдедегі Заңы;

- «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
28 қаңтардағы Заңы;

- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысы;

- «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау тәуекелдерінің болуы (дискрециялық өкілеттік пен нормалар)

         Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде саралау барысында құқықтық олқылықтар мен артық әкімшілік кедергілер анықталған жоқ. 

ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

Кадрлық құрам бойынша:

26.06.2025– 26.06.2026 жылы жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратында бекітілген құрылымға сәйкес қызметкерлер саны – 13 бірлікті құрайды, оның ішінде:

7 – Мемлекеттік қызметшілер;

3 – штаттан тыс қызметкерлер;

              3 – кіші /тех/ қызметкерлер;

Ауылдық округ әкімінің 2025 жылғы 01 маусымдағы №43 өкіміне сәйкес аппараттың статист маманы Тұрсынбек Бибарс Бибосынұлы
 2025 жылдың 01 маусымнан бастап атқарып отырып қызметінен босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 2025 жылғы 01 маусымдағы  №44 өкіміне сәйкес ауылдық округі әкімімен екі жақты №2 еңбек шарты негізінде Қонысбек Досбол Калданұлын статист  маманы қызметіне 2025 жылдың
 01 шілдеден бастап жұмысқа қабылданған.

Ауылдық округ әкімінің 2025 жылғы 07 тамыздағы  №48  өкіміне сәйкес Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде еден жуушы қызметін атқаратын Малдыбекова Назира Тенизбаевна негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыстан жұмысқа қосылуына байланысты 2025 жылғы 01 тамыздан бастап атқарып жүрген қызметінен босатылған.

Ауылдық округ әкімінің 2025 жылғы 01 тамыздағы  №49 өкімімен еден жуушы  Дильдабаева Гулзат Аманкельдиевнаның 2025 жылғы
01 тамыздан бастап міндеттеріне кіріскен.

Ауылдық округ әкімінің 2025 жылғы 28 тамыздағы   №56 өкімімен Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-G-3 санаты, индексі 27-4) Көшен Бақыт Талапұлының 2025 жылдың 28 тамызынан бастап атқарып отырған қызметінен тоқтатылған.

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы  30 қыркүйектегі  №61 өкімімен Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімнің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің статист маманы Қонысбек Досбол Калданұлын өз өтінішіне сәйкес 2025 жылғы
30 қыркүйектен бастап еңбек шарты бұзылып және ол атқарып жүрген қызметінен босатылған.

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы  
01 қазандағы №63  өкіміне сәйкес ауылдық округі әкімімен екі жақты №3 еңбек шарты негізінде Сыздыкова Маржан Абиловнаны статист  маманы қызметіне 2025 жылдың 01 қазаннан бастап жұмысқа қабылданған.

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 18 ақпандағы
№6  өкімімен Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімнің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің статист маманы Биманова Айдана Мұратбекқызына 2026 жылғы 06  ақпаннан жүктілігіне және босануға байланысты демалысқа жіберілген.

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 04 наурыздағы
№6 өкімімен Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімнің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне еңбек шарты негізінде негізгі қызметкер статист маманы Биманова Айдана Мұратбекқызы жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болуына орай бос тұрған уақытша орынға Бейбіт Еркін Бақытжанұлын статист маманы болып 2026 жылдың 04 наурыздан бастап уақытша жұмысқа қабылданған.

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 11 наурыздағы
№7 өкімімен көлік жүргізушісі Суюндыков Өркен Алайдарұлы өз өтінішіне сәйкес 2026 жылғы 11 наурыздан бастап еңбек шарты бұзылып және ол ол атақып жүрген қызметінен босатылған.

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 01 маусымдағы
№9  өкімімен Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімнің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Алмас Нұрсұлтан Алмасұлы өз өтінішен сәйкес атқарып отырған қызметінен босатылды.

Ішкі конкурс нәтижесімен бос тұрған Қызылорда қаласының «Қызылжарма ауылдық округі әкімнің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-G-3 санаты, индексі 21-2, 1 бірлік) қызметіне 2026 жылдың 10 маусымнан Туленов Арман Тнейбекович тағайындалды.

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы
№12  өкімімен Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімнің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттан тыс статист маманы Бейбіт Еркін Бақытжанұлын басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы
№13  өкімімен Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімнің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  бас маманы
(E-G-3  санаты, индексі 21-4, 1 бірлік) мемлекеттік әкімшілік лауазымға міндеттерін уақытша атқару үшін, арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін Бейбіт Еркін Бақытжанұлын 3 ай сынақ мерзімімен қабылданды.

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 24 маусымдағы
№16 өкімімен «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне статист маманы Биманова Айдана Мұратбекқызы 2026 жылғы 24 маусым-2028 жылғы
24 маусым аралығына 2 /екі/  жыл мерзімге  бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс берілді.

 

 

Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

26.06.2025 – 26.06.2026 ЖЫЛ БОЙЫНША:

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметте болуына байлансыт шектеулерді сақтамау түріндегі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін аппараттың бас маманы Көшен Бақыт Талапұлына «атқарып отырған лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. /28.08.2025 жыл, №55 өкім/.    

Өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін аппараттың көлік жүргізушісі Суюндыков Өркен Алайдарұлына  «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. /12.12.2025 жыл, №69 өкім/.

Өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін аппараттың статист маманы Сыздыкова Маржан Абиловнаға   «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. /29.01.2026 жыл, №2 өкім/.

Өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін аппараттың бас маманы Алмас Нұрсұлтан Алмасұлына  «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. /18.02.2026 жыл, №4 өкім/.

Өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін аппараттың статист маманы Батырхан Акманат Сайлаубековнаға  «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. /18.02.2026 жыл, №5 өкім/.

 Өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін аппараттың жетекші маманы  Бекетаева Жанар Шаукатовнаға  «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. /16.03.2026 жыл, №7 өкім/.

 Өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін аппараттың бас маманы Орынбай Айкөркем Аманкелдіқызына  «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. /31.03.2026 жыл, №10 өкім/.

 «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің статист маманы Батырхан Акманат Сайлаубековнадан 2026 жылғы 30 сәуірдегі  №11 өкімімен қолданылған «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы алып тасталынған. /30.04.2026 жыл, №11 өкім/.

«Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің жетекші  маманы Бекетаева Жанар Шаукатовнадан 2026 жылғы 16 наурыздағы  №7 өкімімен қолданылған «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы алып тасталынған. /17.06.2026 жыл, №14 өкім/.

«Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы Орынбай Айкөркем Аманкелдіқызынан 2026 жылғы 31  наурыздағы  №10 өкімімен қолданылған «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы алып тасталынған. /17.06.2026 жыл, №15 өкім/.

26.06.2025 – 26.06.2026 жыл  аралығында Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлеріне қолданылған тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда қызметкерлерді көтермелеу фактілері орын алмаған.

Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері тарапынан этикалық нормаларды сақтау тұрақты түрде талап етіледі.

 

 

Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау.

 

26.06.2025 – 26.06.2026 жыл  аралығында Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппаратында тым қысқа мерзімде тәртіптік жазалар алынбаған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (есепші)

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Жер табыстау барысында қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын  сақталуын қамтамасыз етеді;

Қызылжарма ауылдық округінің жер учаскелеріне байланысты өтініш білдірген азаматтардың құжаттарын дайындайды, жұмыстарын үйлестіреді;

Бұндай деректер соңғы 3 жылда орын алмаған.

Алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі орташа

 

 

 

 

 

ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.

 

Қазіргі уақытта Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің штат саны 7 бірлікті құрайды.

Алайда  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы
15 желтоқсандағы №1324 қаулысына 2-қосымша Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары штат санының лимиті бойынша Әкімшілік-аумақтық бірлік халқының саны 5-тен 10-ға дейін (мың адам) Әкімдер аппараттарының штат саны (бірлік) 8-10 деп көрсетілген. Мекемеде штат санының жетіспеушілігі мемлекеттік қызметшілер арасында функционалдық міндеттерді өзара бөлісіп атқару кезенде мүдделер қақтығысының орын алуына тәукелдер жоғары.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қызылжарма ауылдық округінде тіркелген халық саны- 9426 /тоғыз мың төрт  жүз жиырма алты/ болуына сонымен қатар, ауылдық округте жаңадан қоныстанушы халықтың көбейетіндігін ескере келе, 1 бірлік мемлекеттік қызметші лауазымына штат санын берілуін қажет деп есептейміз.

ҰСЫНЫМ:

Қызылорда қаласы әкімі аппаратына Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1 бірлік мемлекеттік қызметшіге штат сұрау жөнінде ұсыныс енгіземіз.

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша:

26.06.2025 – 26.06.2026 ЖЫЛ БОЙЫНША:

Есепті кезеңде Қызылжарма ауылдық округі әкімдігі тарапынан барлығы 178 /жүз жетпіс сегіз/ мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде:

«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша  2 /екі/ қызмет көрсетілген.

«Сауда-саттықты /конкурстарды, аукциондарды/ өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 176 /жүз жетпіс алты/ қызмет көрсетілген.

«Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініш түспеген.

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініш түспеген.

«Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініш түспеген.

26.06.2025 – 26.06.2026 ЖЫЛ БОЙЫНША есепті кезеңде электронды үкімет порталы арқылы – 178 /жүз жетпіс сегіз/ қызмет (100%) көрсетілген.

 

VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

 

            Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратымен рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

VІІ. Бақылау функцияларын жүзеге асыру:

- 26.06.2025 – 26.06.2026 жыл аралығында ауыл әкімдігімен /әкімімен/ – 81 /сексен бір/ шешім, 107/жүз   жеті / өкім,

қабылданып, бақылау-тексеру жұмыстары іске асырылды.

 

VІІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

- 2025 жылы бөлінген қаржы – 125625,0, мың теңге, игерілгені 125524,0  мың теңге, игерілу пайызы 99,9 %;

- 2026 жылы бөлінген қаржы – 1511474,0 мың теңгені құрап отыр.

 

ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:

26.06.2025 – 26.06.2026 жыл аралығында – «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен заңды тұлғалар арасында 2389 шарт жасалған. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппараты осы кезге дейін ешқандай ақпараттық жүйе әзірлемеген. Ақпараттық жүйенің барлығы Қызылорда қаласы әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.

ХІ. Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

11.1. Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының жалпы құжат айналымы:

26.06.2025 – 26.06.2026 жыл аралығында жалпы құжат саны – 2389                          /оның ішінде, кіріс – 1487, шығыс – 797, өтініштер – 105, ЖТ-91, ЗТ-14/ құрап отыр.

Өтініштер бойынша:

26.06.2025 – 26.06.2026 ЖЫЛ БОЙЫНША:

Есепті кезеңде Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппартына барлығы 105 /бір жүз бес/ өтініш түскен.

Жеке тұлғалардан – 91;

Заңды тұлғалардан – 14; жеке қабылдау – 2;

Бұл ретте өтініштердің  жер мәселесі-93, инфрақұрылым-7, әлеуметтік сала-2, білім бойынша-2, Мемлекеттік рәсімдер-1, мәселелері бойынша келіп түскен. Келіп тускен барлық өтініштерге тиісті түрде жауап қайтарылып, қажеттілікке байланысты тиісті органдарға жөнелтілген.

Бұдан бөлек, Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппаратында қорғауға жататын баспа-бланк өнімдеріне ай сайын түгендеме жұмыстарын жүргізіліп, бүлінген бланкілерді акт бойынша жою әр айдың  30 күні іске асырылып отырады.

11.2. Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі қызметті жандандыру және мемлекеттік стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру мақсатында мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылып жұмыс атқаруда.

 

26.06.2025 – 26.06.2026 ЖЫЛ БОЙЫНША:

Есепті кезеңде әкімдік ғимараты сыртына орналастырылған мемлекеттік рәміз /ту/ табиғи факторлардың әсерінен ескіруіне байланысты   5 /бес/ рет ауыстырылған. Тиісінше ескірген мемлекеттік рәміз /ту/ мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысының хаттамасымен акт жасалып, заң талаптарына сәйкес жойылды.

 

11.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша:

26.06.2025 – 26.06.2026  ЖЫЛ БОЙЫНША:

Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппараты бас маманы және аппарат қызметкерлерімен, ауылдық округі тұрғындарының, ауылдық округі мекемелерінің  қатысумен «Заң мен тәртіп» атты прокуратура органдарының ауыл тұрғындармен  1 /бір/ рет кездесу өткізілді.

Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратында ауылдық округтегі мекеме басшылары мен аппарат қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» және Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты бойынша апталық жиналыс барысында басшылық тарапынан тұрақты түрде ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

Сонымен бірге, аппарат ғимаратындағы көрнекі жерлерге /қызметкерлер кабинеттерінің есіктеріне, қызметкерлер отыратын үстел алдына/ жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қатысты брошура ақпараттар;

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің фото суреттері /БІР ПАРА ЕКІ ҚЫЛМЫСКЕР, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ, ПАРА БЕРУ БАС – БОСТАНДЫҒЫҢНАН ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫҢНАН АЙЫРАДЫ, ПАРА БЕРСЕҢ ЖАЗАЛАНАСЫҢ ЖӘНЕ Т.Б./, CALL CENTER: 1424 ақпараттары ілінген.

Ауылдық округтің кіреберіс /Р.Батырбаев/ көшесіне Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ЖЕМҚОРЛЫҚ – біздің заманымыздың ең үлкен індеті тақырыбындағы билборд орнатылған.

Бұдан бөлек, есепті мерзімде Қызылжарма ауылдық округі әкімдігінің әлеуметтік желілердегі /Facebook, Instagram/ ресми парақшаларында Сыбайлас жемқорлықты болдырмау тақырыбында 1 /бір/ рет пост және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында 2 /екі/ пост жарияланған.

11.4.  Ауыл ішілік тазалық жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі.

Қызылжарма ауылдық округінің санитарлық тазалық жұмыстарын бірқалыпты ұстауға бөлінген қаржы толық көлемде жетіспейді. Себебі, Қызылжарма ауылдық округі Қызылорда қаласының басқа ауылдық округтерімен салыстырғанда жер көлемі жағынан үлкен ауылдық округ болып табылады.

Сонымен бірге қалаға іргелес ауыл болғандықтан жылдан-жылға халық көптеп қоныстану орын алып, халық саны күннен күнге арту үстінде.    

 Санитарлық тазалық жұмыстарына қаралған қаржы көлемі өз кезегінде ауылдың тазалығын бірқалыпты ұстап тұруға жетіспегендіктен, тұрғындар тарапынан ауыл ішілік тазалыққа қатысты наразылықтар туындап отырады. Сонымен қатар, халықтың мемлекеттік органға деген сенімсіздігін тудыру (тәуекел) көрсеткіші жоғары.

ҰСЫНЫМ:

Қызылжарма ауылдық округі қоғамдық кеңесімен жан-жақты талқылай отырып, қалалық экономика және қаржы бөліміне санитарлық тазалық жұмыстарына қосымша қаржы бөлдіруге бюджеттік өтінім ұсыну қажет деп санаймыз.

Талдау нәтижесінде Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша:

ҰСЫНЫМДАР:

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

            1.1. Қызылорда қала әкімінің аппаратына:

             Мүдделер қақтығысының орын алуына тәуекелдер-Қызылорда қаласы әкімі аппаратына Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1 бірлік мемлекеттік қызметшіге штат сұрау жөнінде ұсыныс хат жолдау.

           

           

             1.2 Қалалық экономика және қаржы бөліміне:

            Қалалық экономика және қаржы бөліміне Қызылжарма ауылдық округі  қоғамдық кеңесімен жан-жақты талқылай отырып, қалалық экономика және қаржы бөліміне санитарлық  тазалық жұмыстарына қосымша қаржы қаржы бөлдіруге бюджеттік өтінім ұсыну.

            Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Ауылдық округі әкімі,

топ жетекшісі                                                                                       Ш. Әбдірахманов

 

Бас маман  /есепші/                                                                          А. Орынбай

 

Жетекші маман  /Ішкі саясат/                                                                С. Калыкулова

 

Жетекші маман                                                                                     Ж. Бекетаева

 

Жетекші маман                                                                                    А. Кайырбаева

Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

Әкім                                                                                    Ш. Әбдірахманов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

 

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты:

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (есепші)

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Жер табыстау барысында қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын  сақталуын қамтамасыз етеді;

Қызылжарма ауылдық округінің жер учаскелеріне байланысты өтініш білдірген азаматтардың құжаттарын дайындайды, жұмыстарын үйлестіреді;

Алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі орташа.

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

Қызылжарма ауылдық

округінің әкімі

______________Ш.Әбдірахманов

                                                                                                             «26» ақпан 2026 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты

 

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.

Қызылжарма ауылдық округі әкімдігіне 1 бірлік мемлекеттік қызметші лауазымына штат санын берілуін қажет деп есептейміз.  

Ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Әкім аппаратына хат жолдау;

 Ш.Әбдірахманов

1 жыл ішінде

2.

Қызылжарма ауылдық округінің санитарлық тазалығына қосымша қаржы сұрау жөнінде хат жолдау.

Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Қалалық экономика және қаржы бөліміне  хат жолдау.

Ш.Әбдірахманов

1 жыл ішінде

 

Дата публикации
26 июня 2026