ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Қызылорда қаласының Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

28 ақпан 2025 жыл                                                           Қосшыңырау ауылдық округі

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып Қызылорда қаласының Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – әкім аппараты) қызметі табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республиксы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығын және Қазақстан Республиксының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының 30.01.2025 жылғы №06-Ө өкімі негізінде келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді.

 

С.Абдукадиров                                              Қосшыңырау ауылдық округі әкімі,

                                                                         топ жетекшісі;

 

 

А.Жусупов                                                      Қосшыңырау ауылдық округі әкімі

                                                                          аппаратының бас маманы,

                                                                          топ мүшесі;

 

М.Әденова                                                     Қосшыңырау ауылдық округі әкімі

                                                                          аппаратының бас маманы,

                                                                          топ мүшесі;

 

 

А.Қалиева                                                       Қосшыңырау ауылдық округі әкімі

                                                                          аппаратының жетекші маманы,

                        топ мүшесі;

 

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың 03-28 ақпан күндері аралығында жүргізілді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 28.02.2024-28.02.2025 жылдары аралығындағы кезең қамтылды.
  3. Қосшыңырау ауылдық округі әкімі С. Абдукадиров топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

           І. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1) Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

           2) Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

          Талданатын объект туралы мәліметтер:

          Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

          Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

          Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Қосшыңырау ауылдық округі, Абай ауылы, Бейбітшілік көшесі, №79.

 

           ІІ. Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараттың қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

- «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының             2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы және басқа да қолданыстағы құқықтық актілер;

- «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексі;

- «ҚР Әкімшілік Рәсімдік-Процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы кодексі.

- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы;

- «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы  10 шілдедегі Заңы;

- «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңы;

- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы қаулысы;

- «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы.

НҚА талдау нәтижесінде мынадай құқықтық олқылықтарды анықталды:

 

ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

3.1. Кадрлық құрам бойынша:

28.02.2024-28.02.2025 жылдар аралығында жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 6 бірлік;

Штаттан тыс қызметкерлердің саны - 7 бірлік;

Тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілердің саны – 0

 

Әкім аппаратымен жұмыстан босатылған қызметкерлер:

 

№

                   Аты-жөні                  

Қабылданған кездегі қызметі

Мерзімі

1

Мүсілім Расул Мүсілімұлы

Көлік жүргізуші

05.01.01.04.2024 ж.

№ 11-Ө 

2

Кәкімжанова Ақсүйрік

Статист (Салық инспекторы)

15.04.2024 ж.

№ 13-Ө

3

Кушенбаева Улдаш Бегалиевна

Бас маман

30.05.2024 ж.

№ 23-Ө

4

Идирисова Сания Махмудқызы

Жетекші маман (Есепші)

03.12.2024 ж.

№ 55-Ө

5

Абсадык Сайлау Әлжанұлы

Жетекші маман (Заңгер)

31.12.2024 ж.

№ 59-Ө

 

Әкім аппаратымен жұмысқа қабылданған қызметкерлер:

 

№

                   Аты-жөні                  

Қабылданған кездегі қызметі

Мерзімі

1

Итенова Арайлым  Мейрамбекқызы

Статист (Салық инспекторы)

15.04.2024 ж.

№ 18-Ө 

2

Әденова Мая Бақытжанқызы

Бас маман

04.07.2024 ж.

№ 28-Ө

3

Қалиева Айбану Нұрланқызы

Жетекші маман (Заңгер)

02.12.2024 ж.

№ 53-Ө

          

           ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.

           28.02.2024-28.02.2025 жылдар аралығында мекемеде мүдделер қақтығысы орын алмаған.

          4.1. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (Бұдан әрі - Кодекс) 19-бабында аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне:

      1) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру көзделген.

          Бұл ретте, ауылдық округ аумағында орналасқан жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру бойынша келіп түскен өтініштер Кодекстің
43-бабының талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органның  (облыстық маңызы бар) жанынан құрылған жер комиссиясында (Бұдан әрі - комиссия) қаралуда.

          Бұл ретте, жоғарыда аталған комиссия отырысына ауылдық округ әкімі (ол болмаған жағдайда жауапты маманы) қатыспайтындығын атап өтеміз.

          Осы себепті, ауылдық округ әкімдігінің даму жоспарында бекітілген елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарлары ескерусіз қалуда.

          Атап айтқанда, даму жоспарға сәйкес әлеуметтік нысандар немесе т.б. нысандар бой көтере қалған жағдайда оларды орналастыру бойынша ауылдық округтің кескін-келбетіне қолайлы келетін жер учаскелеріне тапшылық туындауда.

 

 

  1. V. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

28.02.2024-28.02.2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес, қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен (кент/ауылдық округ әкімінің аппараттары қалалық дербес бөлімдер және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдармен) 2 қызмет түрі (Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру және Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу) бойынша электронды үкімет порталы (веб портал) арқылы өтініштер қабылданған.

Атап айтқанда, Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу бойынша барлығы - 133 қызмет көрсетіліп, оның ішінде рұқсат етілгендері
(қанағаттандырылғаны) – 48 қызмет, дәлелді бас тартылғаны - 85 қызмет; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша барлығы – 5 қызмет көрсетіліп, оның ішінде рұқсат етілгендері
(қанағаттандырылғаны) – 2 қызмет, дәлелді бас тартылғаны - 3 қызмет.

5.1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы
№ 301 бұйрығына сәйкес «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында бекітілген.

Аталған қызметті көрсетуші Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері  болып белгіленген.

Алайда, ауылдық округ әкімі аталған қызмет бойынша көрсетілетін қызметті беруші болып табылмауына байланысты қағаз түрінде функция есебінде қызмет көрсетілуде.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағына сәйкес өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстің 43-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарды қоспағанда, жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, ал шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі үшін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингінің нәтижелері де болған кезде, осы Кодекстің 43-бабында көзделген тәртіппен жаңа мерзімге шарт жасасуға құқығы бар. Осы баптың 2-2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) осындай шарт жасасу ниетi туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын жалға алу шартында көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, онда жалға алу шартының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

Жалға алу шартының қолданылу мерзімі өткен соң өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы болатындығы көрсетілген.

Осы орайда, жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту бойынша жалдау мерзімінің шеңберінде (мерзім аяқталғанға дейін 3 ай ішінде) өз міндеттерін тиісінше орындай алмаған өтініш білдіруші (жер пайдаланушы)  көрсетілетін қызметті берушіге (жергілікті жердегі атқарушы органға) тәуелді болуы мүмкін.

Сондай-ақ, аталған қызмет қағаз түрінде жүзеге асырылатын болғандықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін. Қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы қарым-қатынас тек кәсіби тұрғыда ғана қалыптасуы қажет.

 

 

5.2. Бұрын уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен табысталған жер учаскелерін жеке меншік құқығына табыстау ауылдық округ әкімдігімен функция есебінде қағаз түрінде жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабы 2-тармағында Осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай

      мөлшерде тегін беріледі:

      1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

      2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар;

      3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.

      Осы Кодекстің 94-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін аталған мақсаттар үшiн қайталап тегiн беруге жол берiлмейдi.

      Өзiндiк қосалқы шаруашылықты (үй маңындағы телiм) жүргiзу және жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін игеру кезеңіне беру осы Кодекстің 92-бабына сәйкес мұндай жер учаскелерін игерудің талаптары мен мерзімдері белгілене отырып, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығында жүргізіледі.

      Ауылдық елдi мекендердiң аумағында бос жер болған жағдайда жеке тұрғын үй құрылысы үшiн және өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерi осы аталған мақсаттар үшiн көзделген жер учаскелерiнiң нормалары шегiнде бiртұтас алап болып берілетіндігі көрсетілген.

Аталған қызметте қағаз түрінде жүзеге асырылатын болғандықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін.

Осыған сәйкес, «Бұрын уақытша өтеулі жер пайдалану жалдау құқығымен табысталған жер учаскелеріне жеке меншік құқығын алу» бойынша мәселелерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіміне енгізу қажет деп есептейміз.

       

5.3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларының»  
5-тармағында «жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы талап ететіндігі көрсетілген.

Алайда, көрсетілген мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алу мүмкіндігі жоқ.

Аталған құжаттарды сұрату артық құжат талап ету ретінде қарастырылады және сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызуы мүмкін.

 

VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратымен рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

 

28.02.2024-28.02.2025 жылдар аралығында – 62 өкім, 75 шешім

қабылданған.

 

VIІI. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

2024 жылы бөлінген қаржы – 144285,5 мың теңге, игерілгені – 140949,6 мың теңге, игерілу пайызы – 97,7%.

2025 жылы бөлінген қаржы – 149968,0 мың теңгені құрап отыр.

 

ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

2024 жылы -   25  шарт жасалды.

2025 жылдың қаңтар-ақпан айында - 18  шарт жасалды.

 

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Қосшыңырау ауылдық округінің интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы әзірленді. Қазіргі аталған платформамен қатар, фейсбук ақпараттық жүйесі арқылы өзекті тақырыптар бойынша  ақпараттық контенттер жариялануда.

 

XІ. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

11.1. Құжат айналымы бойынша (2024-2025 қаңтар-ақпан айы):

28.02.2024-28.02.2025 жылдар аралығында жалпы құжат саны – 2254 (кіріс-1559 ,шығыс-695) ҚБПҮ – 20;

Өтініштер бойынша:

28.02.2023-28.02.2024 жыл аралығында Қосшыңырау ауылдық округі  әкімі аппаратында 92 жеке және заңды тұлғадан өтініш келіп түсті. Оның ішінде:

Саласы бойынша уәкілетті органдарға жолданғаны – 11, ауылдық округ әкімдігімен қаралғаны – 81 өтініш, оның ішінде 48 өтіншке қанағаттанарлық акт қабылданған, 16 өтінішке ауыртпалық салатын акт қабылданған, 7 өтінішке жауап берілген (түсіндірме), 6 өтініш тоқтатылған, 2 өтініш назарға алынды, басқалары 2 өтініш.

 

11.2. Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі қызметті жандандыру және мемлекеттік стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру мақсатында мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылып жұмыс атқаруда.

28.02.2024-28.02.2025 жыл бойынша:

3 комиссия отырысы өткізілген, 3 хаттама, 2 тапсырма орындалған.  Алдағы уақытта тағы да өткізілетін болады.        

11.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасы аясында ауыл әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі мақсатында: - Ақсақалдар кеңесі, «Әйелдер кеңесі» және ауыл тұрғындарын тарта отырып Қосшыңырау ауылдық округінде салынып жатқан құрылыс нысандары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында бақылау топтары құрылды:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы билборд Қосшыңырау ауылдық округінің орталық көшесіне орналастырылып, сонымен қатар жүйелі түрде дөңгелек үстөлдер, семинарлар мен кездесу ұйымдастырылды;

- Қаражаттың жұмсалуы тиімділігі қоғамдық кеңес мүшелерімен бақылауда.

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» ауыл әкімі аппаратының ғимаратында арнайы орында орналастырылған, сондай-ақ арнайы сенім телефоны жұмыс жасайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарына «Қызылорда қаласының Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді, зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ауыл әкімі аппаратының кабинеттерінде (есіктерінде) пара беру мен оны алу зардаптары туралы арнайы парақшалар орналастырылған.

Есепті мерзімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс шаралар:

- 2024 жылы жалпы саны – 8;

- 2025 жылдың жалпы саны – 2;

 

Талдау нәтижесінде Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша:

           

 

ҰСЫНЫМДАР:

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

            1.1. Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына:

             Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына, мерзімді әскерге шақыру кезеңінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан  1 /бір/ маманды, Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының статист-маманымен бірігіп аралау жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты түрде бөлу  қажеттігі жөнінде ұсыным хат жолдау.

             1.2. «Қызылорда қаласының Мансап орталығы» филиалына:

            «Қызылорда қаласының Мансап орталығы» филиалына атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу барысында учаскелік комиссия құрамына мансап орталығынан 1 /бір/ маманды тұрақты түрде бөлу қажеттігі жөнінде ұсыныс хат жолдау.

           1.3. Қызылорда қаласынгың әкімдігіне: Қызылорда қалалық жер комиссиясының отырысына ауылдық округтер әкімдерін қатыстыру бойынша Қызылорда қаласының әкімдігіне ұсыныс хат жолдау 

  1. 2. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жұмыс тобы мүшелері:

С.Абдукадиров                                              Қосшыңырау ауылдық округі әкімі,

                                                                         топ жетекшісі;

 

 

А.Жусупов                                                      Қосшыңырау ауылдық округі әкімі

                                                                          аппаратының бас маманы,

                                                                          топ мүшесі;

 

М.Әденова                                                     Қосшыңырау ауылдық округі әкімі

                                                                          аппаратының бас маманы,

                                                                          топ мүшесі;

 

 

А.Қалиева                                                        Қосшыңырау ауылдық округі әкімі 

                                                                          аппаратының жетекші маманы,

                                                                        топ мүшесі

Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

Әкім                                                                                               С.Абдукадиров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

 

Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты:

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (заңгер)

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Жер табыстау барысында қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын  сақталуын қамтамасыз етеді;

Қызылжарма ауылдық округінің жер учаскелеріне байланысты өтініш білдірген азаматтардың құжаттарын дайындайды, жұмыстарын үйлестіреді;

Алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі орташа.

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

Қосшыңырау ауылдық

округінің әкімі

______________С.Абдукадиров

                                                                                                             «28» ақпан 2025 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты

 

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.

Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан                   1 /бір/ маманды, Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының статист-маманымен бірігіп аралау жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты түрде бөлу  қажеттігі жөнінде ұсыным хат жолдау. 

Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына ұсыныс хат жолдау;

 С.Абдукадиров

1 жыл ішінде

2.

«Қызылорда қаласының Мансап орталығы» филиалына 1 /бір/ маманды тұрақты түрде бөлу қажеттігі жөнінде ұсыныс хат жолдау. 

Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

«Қызылорда қаласының Мансап орталығы» филиалына хат жолдау;

 С.Абдукадиров

1 жыл ішінде

3

Қызылорда қалалық жер комиссиясының отырысына ауылдық округтер әкімдерін қатыстыру бойынша Қызылорда қаласының әкімдігіне ұсыныс хат жолдау 

Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Қалалық әкімдікке  хат жолдау

С.Абдукадиров

1жыл і

 

шінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

28 ақпан 2025 жыл Қосшыңырау ауылдық округі КІРІСПЕ БӨЛІМІ: 1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып Қызылорда қаласының Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – әкім аппараты) қызметі табылады. 2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республиксы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығын және Қазақстан Республиксының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді. 3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының 30.01.2025 жылғы №06-Ө өкімі негізінде келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді. С.Абдукадиров Қосшыңырау ауылдық округі әкімі, топ жетекшісі; А.Жусупов Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, топ мүшесі; М.Әденова Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, топ мүшесі; А.Қалиева Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, топ мүшесі; 4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың 03-28 ақпан күндері аралығында жүргізілді. 5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 28.02.2024-28.02.2025 жылдары аралығындағы кезең қамтылды. 6. Қосшыңырау ауылдық округі әкімі С. Абдукадиров топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді. СИПАТТАМА БӨЛІМІ: І. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді: 1) Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 2) Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Талданатын объект туралы мәліметтер: Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Қосшыңырау ауылдық округі, Абай ауылы, Бейбітшілік көшесі, №79. ІІ. Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараттың қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді. - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі; - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі; - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы; - «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексі; - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы; - «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы және басқа да қолданыстағы құқықтық актілер; - «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі; - «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; - «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексі; - «ҚР Әкімшілік Рәсімдік-Процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы кодексі. - «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы; - «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы; - «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңы; - «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы қаулысы; - «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы. НҚА талдау нәтижесінде мынадай құқықтық олқылықтарды анықталды: ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау. 3.1. Кадрлық құрам бойынша: 28.02.2024-28.02.2025 жылдар аралығында жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен: Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 6 бірлік; Штаттан тыс қызметкерлердің саны - 7 бірлік; Тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілердің саны – 0 Әкім аппаратымен жұмыстан босатылған қызметкерлер: № Аты-жөні Қабылданған кездегі қызметі Мерзімі 1 Мүсілім Расул Мүсілімұлы Көлік жүргізуші 05.01.01.04.2024 ж. № 11-Ө 2 Кәкімжанова Ақсүйрік Статист (Салық инспекторы) 15.04.2024 ж. № 13-Ө 3 Кушенбаева Улдаш Бегалиевна Бас маман 30.05.2024 ж. № 23-Ө 4 Идирисова Сания Махмудқызы Жетекші маман (Есепші) 03.12.2024 ж. № 55-Ө 5 Абсадык Сайлау Әлжанұлы Жетекші маман (Заңгер) 31.12.2024 ж. № 59-Ө Әкім аппаратымен жұмысқа қабылданған қызметкерлер: № Аты-жөні Қабылданған кездегі қызметі Мерзімі 1 Итенова Арайлым Мейрамбекқызы Статист (Салық инспекторы) 15.04.2024 ж. № 18-Ө 2 Әденова Мая Бақытжанқызы Бас маман 04.07.2024 ж. № 28-Ө 3 Қалиева Айбану Нұрланқызы Жетекші маман (Заңгер) 02.12.2024 ж. № 53-Ө ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу. 28.02.2024-28.02.2025 жылдар аралығында мекемеде мүдделер қақтығысы орын алмаған. 4.1. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (Бұдан әрі - Кодекс) 19-бабында аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне: 1) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру көзделген. Бұл ретте, ауылдық округ аумағында орналасқан жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру бойынша келіп түскен өтініштер Кодекстің 43-бабының талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органның (облыстық маңызы бар) жанынан құрылған жер комиссиясында (Бұдан әрі - комиссия) қаралуда. Бұл ретте, жоғарыда аталған комиссия отырысына ауылдық округ әкімі (ол болмаған жағдайда жауапты маманы) қатыспайтындығын атап өтеміз. Осы себепті, ауылдық округ әкімдігінің даму жоспарында бекітілген елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарлары ескерусіз қалуда. Атап айтқанда, даму жоспарға сәйкес әлеуметтік нысандар немесе т.б. нысандар бой көтере қалған жағдайда оларды орналастыру бойынша ауылдық округтің кескін-келбетіне қолайлы келетін жер учаскелеріне тапшылық туындауда. V. Мемлекеттік қызметтер көрсету. 28.02.2024-28.02.2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес, қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен (кент/ауылдық округ әкімінің аппараттары қалалық дербес бөлімдер және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдармен) 2 қызмет түрі (Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру және Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу) бойынша электронды үкімет порталы (веб портал) арқылы өтініштер қабылданған. Атап айтқанда, Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу бойынша барлығы - 133 қызмет көрсетіліп, оның ішінде рұқсат етілгендері (қанағаттандырылғаны) – 48 қызмет, дәлелді бас тартылғаны - 85 қызмет; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша барлығы – 5 қызмет көрсетіліп, оның ішінде рұқсат етілгендері (қанағаттандырылғаны) – 2 қызмет, дәлелді бас тартылғаны - 3 қызмет. 5.1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы № 301 бұйрығына сәйкес «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында бекітілген. Аталған қызметті көрсетуші Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері болып белгіленген. Алайда, ауылдық округ әкімі аталған қызмет бойынша көрсетілетін қызметті беруші болып табылмауына байланысты қағаз түрінде функция есебінде қызмет көрсетілуде. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағына сәйкес өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстің 43-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарды қоспағанда, жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, ал шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі үшін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингінің нәтижелері де болған кезде, осы Кодекстің 43-бабында көзделген тәртіппен жаңа мерзімге шарт жасасуға құқығы бар. Осы баптың 2-2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) осындай шарт жасасу ниетi туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын жалға алу шартында көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, онда жалға алу шартының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Жалға алу шартының қолданылу мерзімі өткен соң өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы болатындығы көрсетілген. Осы орайда, жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту бойынша жалдау мерзімінің шеңберінде (мерзім аяқталғанға дейін 3 ай ішінде) өз міндеттерін тиісінше орындай алмаған өтініш білдіруші (жер пайдаланушы) көрсетілетін қызметті берушіге (жергілікті жердегі атқарушы органға) тәуелді болуы мүмкін. Сондай-ақ, аталған қызмет қағаз түрінде жүзеге асырылатын болғандықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін. Қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы қарым-қатынас тек кәсіби тұрғыда ғана қалыптасуы қажет. 5.2. Бұрын уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен табысталған жер учаскелерін жеке меншік құқығына табыстау ауылдық округ әкімдігімен функция есебінде қағаз түрінде жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабы 2-тармағында Осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі: 1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар; 2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар; 3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар. Осы Кодекстің 94-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін аталған мақсаттар үшiн қайталап тегiн беруге жол берiлмейдi. Өзiндiк қосалқы шаруашылықты (үй маңындағы телiм) жүргiзу және жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін игеру кезеңіне беру осы Кодекстің 92-бабына сәйкес мұндай жер учаскелерін игерудің талаптары мен мерзімдері белгілене отырып, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығында жүргізіледі. Ауылдық елдi мекендердiң аумағында бос жер болған жағдайда жеке тұрғын үй құрылысы үшiн және өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерi осы аталған мақсаттар үшiн көзделген жер учаскелерiнiң нормалары шегiнде бiртұтас алап болып берілетіндігі көрсетілген. Аталған қызметте қағаз түрінде жүзеге асырылатын болғандықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін. Осыған сәйкес, «Бұрын уақытша өтеулі жер пайдалану жалдау құқығымен табысталған жер учаскелеріне жеке меншік құқығын алу» бойынша мәселелерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіміне енгізу қажет деп есептейміз. 5.3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларының» 5-тармағында «жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы талап ететіндігі көрсетілген. Алайда, көрсетілген мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алу мүмкіндігі жоқ. Аталған құжаттарды сұрату артық құжат талап ету ретінде қарастырылады және сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызуы мүмкін. VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру. Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратымен рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды. 28.02.2024-28.02.2025 жылдар аралығында – 62 өкім, 75 шешім қабылданған. VIІI. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу. 2024 жылы бөлінген қаржы – 144285,5 мың теңге, игерілгені – 140949,6 мың теңге, игерілу пайызы – 97,7%. 2025 жылы бөлінген қаржы – 149968,0 мың теңгені құрап отыр. ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу. 2024 жылы - 25 шарт жасалды. 2025 жылдың қаңтар-ақпан айында - 18 шарт жасалды. X. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Қосшыңырау ауылдық округінің интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы әзірленді. Қазіргі аталған платформамен қатар, фейсбук ақпараттық жүйесі арқылы өзекті тақырыптар бойынша ақпараттық контенттер жариялануда. XІ. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер. 11.1. Құжат айналымы бойынша (2024-2025 қаңтар-ақпан айы): 28.02.2024-28.02.2025 жылдар аралығында жалпы құжат саны – 2254 (кіріс-1559 ,шығыс-695) ҚБПҮ – 20; Өтініштер бойынша: 28.02.2023-28.02.2024 жыл аралығында Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратында 92 жеке және заңды тұлғадан өтініш келіп түсті. Оның ішінде: Саласы бойынша уәкілетті органдарға жолданғаны – 11, ауылдық округ әкімдігімен қаралғаны – 81 өтініш, оның ішінде 48 өтіншке қанағаттанарлық акт қабылданған, 16 өтінішке ауыртпалық салатын акт қабылданған, 7 өтінішке жауап берілген (түсіндірме), 6 өтініш тоқтатылған, 2 өтініш назарға алынды, басқалары 2 өтініш. 11.2. Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі қызметті жандандыру және мемлекеттік стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру мақсатында мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылып жұмыс атқаруда. 28.02.2024-28.02.2025 жыл бойынша: 3 комиссия отырысы өткізілген, 3 хаттама, 2 тапсырма орындалған. Алдағы уақытта тағы да өткізілетін болады. 11.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасы аясында ауыл әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. ҚР Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі мақсатында: - Ақсақалдар кеңесі, «Әйелдер кеңесі» және ауыл тұрғындарын тарта отырып Қосшыңырау ауылдық округінде салынып жатқан құрылыс нысандары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында бақылау топтары құрылды: - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы билборд Қосшыңырау ауылдық округінің орталық көшесіне орналастырылып, сонымен қатар жүйелі түрде дөңгелек үстөлдер, семинарлар мен кездесу ұйымдастырылды; - Қаражаттың жұмсалуы тиімділігі қоғамдық кеңес мүшелерімен бақылауда. ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» ауыл әкімі аппаратының ғимаратында арнайы орында орналастырылған, сондай-ақ арнайы сенім телефоны жұмыс жасайды. Бұқаралық ақпарат құралдарына «Қызылорда қаласының Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді, зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ауыл әкімі аппаратының кабинеттерінде (есіктерінде) пара беру мен оны алу зардаптары туралы арнайы парақшалар орналастырылған. Есепті мерзімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс шаралар: - 2024 жылы жалпы саны – 8; - 2025 жылдың жалпы саны – 2; Талдау нәтижесінде Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша: ҰСЫНЫМДАР: 1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша: 1.1. Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына: Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына, мерзімді әскерге шақыру кезеңінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан 1 /бір/ маманды, Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының статист-маманымен бірігіп аралау жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты түрде бөлу қажеттігі жөнінде ұсыным хат жолдау. 1.2. «Қызылорда қаласының Мансап орталығы» филиалына: «Қызылорда қаласының Мансап орталығы» филиалына атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу барысында учаскелік комиссия құрамына мансап орталығынан 1 /бір/ маманды тұрақты түрде бөлу қажеттігі жөнінде ұсыныс хат жолдау. 1.3. Қызылорда қаласынгың әкімдігіне: Қызылорда қалалық жер комиссиясының отырысына ауылдық округтер әкімдерін қатыстыру бойынша Қызылорда қаласының әкімдігіне ұсыныс хат жолдау 2. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру. «КЕЛІСІЛДІ» Жұмыс тобы мүшелері: С.Абдукадиров Қосшыңырау ауылдық округі әкімі, топ жетекшісі; А.Жусупов Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, топ мүшесі; М.Әденова Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, топ мүшесі; А.Қалиева Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, топ мүшесі Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды: Әкім С.Абдукадиров Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты: Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (заңгер) Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау Жер табыстау барысында қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақталуын қамтамасыз етеді; Қызылжарма ауылдық округінің жер учаскелеріне байланысты өтініш білдірген азаматтардың құжаттарын дайындайды, жұмыстарын үйлестіреді; Алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі орташа. «Бекітемін» Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі ______________С.Абдукадиров
Дата публикации
04 марта 2025