GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
04 октября 2024
Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында және ауылдық округтің  азаматтардың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Құқықтық бұрышы» ашылғандығын хабарлаймыз.

 

29 февраля 2024
Өңірлік кадр резерві: кім қатыса алады?

1 наурызда Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады.

Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар өңірлік резервке іріктеуге қатыса алмайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды өңірлік кадр комиссиялары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, айқындайды.

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2024 жылдың 1 наурызынан маусым айының соңына дейін жалғасады.

Резервте болу мерзімі – 2 жыл. Осы кезеңде резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамада тағайындалуы мүмкін.

Сайтта қалай тіркелуге болады?

Іріктеуге қатысу үшін а.ж. 1 наурызынан 31 наурызына дейін onir.pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында жеке деректерді көрсету арқылы тіркелу қажет. Құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттар да онлайн-платформада тіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей құжаттарды жүктейді.

«Жеке деректер» бөлімінде дұрыс байланыс деректерін көрсетумен қатар, үміткерлер кадр резервінің өңірін және салалық бағытты таңдауы қажет. Екі және одан да көп өңірлік резервті немесе салалық бағыттарды таңдауға, сондай-ақ өңірлік резервті немесе салалық бағытты қайта таңдауға жол берілмейді.

Сәтті тіркелу үшін іріктеуге қатысушыларға белгіленген талаптарды сақтау, ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдау қажет. Барлық қажетті файлдар жүктелуі керек.

Жобаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

Өңірлік резервке іріктеуге қатысқысы келетін азаматтар келесі құжаттарды қосып өтініш беру керек:

- Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

- бiлiмi туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшiрмелерi;

- соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

Өңірлік резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау (1 наурыздан 31 наурызға дейін);

2) заңнаманы білуге (5 сәуірден 9 сәуірге дейін) тестілеу және жеке қасиеттерін бағалау (13 сәуірден 14 сәуірге дейін);

3) құзыреттерді бағалау (22 сәуірден 7 маусымға дейін);

4) өңірлік комиссиядағы құрылымдық сұхбат (13 маусымнан 15 маусымға дейін);

5) өңірлік комиссияның отырысында өңірлік резервке алуға ұсынылған кандидатураларды қарау (15 маусымнан 17 маусымға дейін).

Бірінші кезеңге қалай жазылуға болады?

Бірінші кезең «Заңнаманы білуге тестілеуге» жазылу тапсырылған өтінімнің қабылданғанын растайтын хабарламаны алған сәттен бастап 2024 жылдың 31 наурызы сағат 23:59-ға дейін қолжетімді болады.

Кері байланыс

Тіркелу кезінде туындаған сұрақтар бойынша үміткерлер onir.pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чаты арқылы тәулік бойы қолдау қызметіне, консультация алу үшін сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін 7 7242 27-07-13 телефоны және info@pkrezerv.gov.kz электрондық поштасына хабарласа алады.

Сондай-ақ onir.pkrezerv.gov.kz платформасының «Байланыс» бөлімінде Өңірлік кадр резерві бойынша өңірлердегі жауапты мамандардың байланыс деректері көрсетілген.

27 февраля 2024
ЖАС КЕЛІНДЕР БАЙҚАУЫ | QOSYL WAVE 🌊
 
Қарауылтөбе ауылдық округінде Qosyl командасы және «Бізбен Бірге» Қоғамдық қоры «Қала жастары арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытындағы іс-шараларды іске асыру» әлеуметтік қызметі аясында «Келіні жақсының керегесі алтын» атты жас келіндер арасында байқау ұйымдастырды.
⚜️ Жас отбасылар мен жас келіндердің отбасындағы құндылықтары мен рөлін анықтау мақсатында ұйымдастырлған шараға Қарауылтөбе ауылының 5 келіні қатысып бақ сынады.
Байқау кезеңдері👇🏻
🔸 Сәлем сөздің - анасы
🔸 Өнерлі өрге жүзер
🔸 Аспазшы үйдің ырысы
🔸 Салт- дәстүрім таусылмайтын байлығым
Жеңімпаздар:
🔹 Бас жүлде • Жүсіпова Сабина
🔹 1 орын • Бержанова Замира
🔹 2 орын • Айдар Фариза
🔹 3 орын • Аяпбергенова Ақбота
🔹 3 орын • Әбсадық Гүлнар
Арнайы алғыс @makeupstudio_aizadaaskarbek
Мәдениет
27 февраля 2024
“Адал адам” мәдени-тәрбие орталығы жобасы

“Адал адам” мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында “Кино-TIME” бағыты бойынша Қарауылтөбе ауылдық клубында режиссёр Тимур Дулотовтың “Әкеге апарар жол” комедиясы көрсетілді.

Білім
27 февраля 2024
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Мектебімізде Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері Бермағанбетов Сақтапберген ағайымыздың туғанына 80 жыл толуына орай еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына келген зиялы қауым өкілдері өз ісінің үздігі болған ұлағатты ұстаз туралы естеліктер айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сақтапберген Бермағанбетов атындағы кабинетке кіріп, мұғалімдер жұмысымен танысты.
Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, білім беру ісінің үздігі.
Ол 1944 жылдың 1 қаңтарында Сырдария ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. 1961 жылы орта мектепті бітіріп құрылыс, өнеркәсіп салаларында жұмыс атқарды.
1963 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтына (қазіргі Қорқыт ата университеті) түсіп, 1968 жылы бітіріп, жолдама бойынша Түркіменстан Республикасы, Краснаводск ауданы білім бөліміне мектеп инспекторы қызметіне орналасып, ол жақта 1 жыл қызмет атқарып, елге оралды. 1968 жылы Сырдария аудандық білім бөлімінде қызмет атқарып, 1970 жылдың 2-ші ақпанында №179 Қарауылтөбе мектебіне мектеп директоры болып бекітілді.
1998-2004 жылдар аралығында №138 Абай атындағы орта мектебінде мектеп директоры болып қызмет атқарды.
2004 жылдан №179 Қарауылтөбе орта мектебіне мектеп директоры болып қайта тағайындалып, 2007 жылы құрметті зейнет демалысына шықты.
Сақтапберген ағамыз өзіне сеніп тапсырылған міндетті мінсіз, әрі тиянақты атқарып, жоғары жауапкершілік, ізденімпаздық, жаңашылдық, іс-мүддесін бәрінен де биік қоятын талапшылдықтың жарқын үлгісін көрсете білді. Өмірлік тәжірибесін жомарттықпен бөлісіп, білім саласының жас мамандарына ақыл-кеңесін беріп отырды. Ізденіс пен ізгілік бағаланбай қалуы мүмкін емес. 40 жыл бір салада табан аудармай еткен еңбегі бағаланып, Білім беру ісінің үздігі, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері төс белгілерімен және Білім және ғылым министірлігінің, Облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Облыстық білім бөлімінің, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің Мақтау қағаздарымен марапатталған. Асыл жар, ардақты әке ретінде үлкен әулеттің бәйтерегі болды.
🏆🥇Турнирге қала мектептерінен 8 команда қатысты. Жеңімпаздар қалалық білім бөлімімен қалалық кәсіподақ комитетінің грамоталары, ақшалай сыйлық, медалдар, кубоктар және ардагер ұстаздың ұрпақтары ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ерекше айта кетейін, біздің мектептің құрама командасы жүлделі бірінші орынды иеледі. Мектеп командасына әсіресе жұбайым Нарқыз Жайлауқызына жанкүйер болғанмын. Еңбегім қайтты)).
Білім ошағында ұйымдастырылған турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан әріптестеріме, Орынша Алимбетова Міржақыпқызына және Бермағанбетовтер әулетіне алғысымды білдіремін.
Білім
22 февраля 2024
МЕКТЕП ТЕАТРЫ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПШІЛІК САЙЫС
«Жас талант» мектеп театрының ұйымдастыруымен өткен Әйтеке Байбекұлының 380 жылдығына орай ұйымдастырылған «Әйтеке би: Парасат билігі мен сөз құдіреті» атты 3-4 сыныптар арасында Әйтеке бидің шешендік сөздерінен сахналық қойылым және нақыл сөзді жатқа айту сайысы болып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, сөз саптау шеберлігін шыңдау. Бастауыш сынып оқушылары белсенділік танытып,
I орын 4«А»сыныбы. Жетекшісі Жүсіпова Сабина
II орын 3«А»сыныбы. Жетекшісі Әлмаханова Қалдыгүл
III орын. 3«Ә»сыныбы. Жетекшісі Сегізбаева Әсем марапатталды.
Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына орай «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» атты 5-7, 8-10 сынып оқушылары арасында сахналық қойылым, монолог оқу сайысы жалғасты.
Мақсаты: Ж.Аймауытовтың шығармаларын кеңінен насихаттау болып саналды. Барлық сынып оқушылары өнерлерін көрсетті.
5-7 сыныптар арасында
I орын 5«Б» сынып Жетекшісі Ахметова Гүлмира
II орын 5«Ә» сынып Жетекшісі Ниетбаева Айдана
III орын 6«Ә» сынып Жетекшісі Қожахметова Жаннұр
8-10 сыныптар арасында
Бас жүлде, Аймақтық сайысқа 9«А» сынып Жетекшісі Бақбергенова Нұрсила
I орын 10-сынып Жетекшісі Абжаева Қалдыгүл
II орын 9«Ә»сынып Жетекшісі Сейдахметова Сандуғаш
III орын 8«Ә»сынып Жетекшісі Жұмабаева Айжан марапатталды.
Білім
22 февраля 2024
ҚАЗАҚТЫҢ ІРІЛЕРІ,АБАЙДЫҢ ІНІЛЕРІ-СӘКЕН,ІЛИЯС,БЕЙІМБЕТ!
Мектебімізде «Тіл мен тарих—ұлт тағдыры» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Қазақтың ірілері, Абайдың інілері —Сәкен,Ілияс,Бейімбет» атты айтыс өнерінен сайыс өткізілді. Сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысты. Бес жұп айтысып,
Бас жүлдені 9 «Ә» сынып оқушысы Сәдуақас Кәусар,
1️⃣ орын 8«Ә» сынып оқушысы Оралбек Диляра,
2️⃣орын 8 «Ә» сынып оқушысы Өмірзақұлы Нәби,
2️⃣орын 7«А» сынып оқушысы Шамсутова Інжу,
3️⃣орын 7 «А»сынып оқушысы Молдағали Азиз,
3️⃣орын 7 «Ә» сынып оқушысы Қалекеев Нұрасыл
Алғыс хатпен 7 «А» сынып оқушысы Ибрагимов Шахмардан, 5 «Б» сынып оқушысы Балғабай Көркем, 5«Ә» сынып оқушысы Иманғали Әбдімәлік, 7 «А» сынып оқушысы Қожахмет Жаннұр марапатталды.
Айтыскер оқушылар айтыс барысында тақырыпты аша біліп, қазақтың ерте сөнген жұлдыздары Сәкен, Ілияс, Бейімбет жайлы жас жүректерінің ұлы тұлғаларға деген құрметтерін жеткізе білді. Қазақтың көркем сөз өнеріне деген қабілеттерін көрсетті.
ектебімізде «Тіл мен тарих—ұлт тағдыры» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Қазақтың ірілері, Абайдың інілері —Сәкен,Ілияс,Бейімбет» атты айтыс өнерінен сайыс өткізілді. Сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысты. Бес жұп айтысып,
Бас жүлдені 9 «Ә» сынып оқушысы Сәдуақас Кәусар,
1️⃣ орын 8«Ә» сынып оқушысы Оралбек Диляра,
2️⃣орын 8 «Ә» сынып оқушысы Өмірзақұлы Нәби,
2️⃣орын 7«А» сынып оқушысы Шамсутова Інжу,
3️⃣орын 7 «А»сынып оқушысы Молдағали Азиз,
3️⃣орын 7 «Ә» сынып оқушысы Қалекеев Нұрасыл
Алғыс хатпен 7 «А» сынып оқушысы Ибрагимов Шахмардан, 5 «Б» сынып оқушысы Балғабай Көркем, 5«Ә» сынып оқушысы Иманғали Әбдімәлік, 7 «А» сынып оқушысы Қожахмет Жаннұр марапатталды.
Айтыскер оқушылар айтыс барысында тақырыпты аша біліп, қазақтың ерте сөнген жұлдыздары Сәкен, Ілияс, Бейімбет жайлы жас жүректерінің ұлы тұлғаларға деген құрметтерін жеткізе білді. Қазақтың көркем сөз өнеріне деген қабілеттерін көрсетті.
22 февраля 2024
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Қарауылтөбе ауылдық округі бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстарды болдырмау мақсатында Қала әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев және қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Е.Жаукеев тұрғындарға жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді және өзекті мәселелердің бірі кәмелет жасқа толмаған балалардың, жастардың беймезгіл уақытта (түнгі мезгілде) жүрмеуін ата-аналарға жеткізді.
Сонымен қатар, ауыл әкімі Е.Ахетов қосымша округте атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды таныстырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тұрақты түрде жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Округ бойыншы аймақтық учаскелік полиция инспекторына жоғарыда аталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, қатаң түрде қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамсыз ету шараларын ұйымдастыру керектігі түсіндірілді.
22 февраля 2024
СПОРТТЫҚ ТУРНИРЛЕР | QOSYL WAVE 🌊
Қарауылтөбе ауыл әкімінің жүлдесіне арналған қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі жастар арасында волейбол мен үстел теннисінен ашық турнирлері өткізілді.
Сайыстар қорытындылары 👇🏻
Үстел теннисі:
🥇 І орын «Тасбөгет» кенті,
🥈 ІІ орын «Ақсуат» ауылдық округі,
🥉 ІІІ орын «Ақжарма» ауылдық округі.
Волейбол сайысы:
🥇 І орын «Тасбөгет» кенті,
🥈 ІІ орын «Ақсуат» ауылдық округі,
🥉 ІІІ орын «Ақжарма» ауылдық округі.
Сонымен қатар, қатысушыларға ауыл әкімідігі аппаратының ұйымдастырумен «Бауырсақ Party» және түскі ас үлестірілді.
Білім
22 февраля 2024
AQYL BATTLE | QOSYL WAVE 🌊
🧩 Қарауылтөбе ауылдық округі №179 мектеп оқушылары арасында «AQYL BATTLE» интеллектуалдық ойын өткізілді. Интеллектуалды ойынға 8-11 сынып оқушыларынан құралған 5 адамнан 6 команда қатысты.
Жастарды креативті ойлауға дағдыландыру, интеллектуалды дамытуды мақсат ететін сайыс 5 кезең бойынша өткізілді ⬇️
🔹 «Білім әлеміне саяхат» І кезең,
🔹 «Ми қақтығысы» ІІ кезең,
🔹 «Мен білгір» ІІІ кезең,
🔹 «Қызылорда тарихы» ІV кезең,
🔹 «4 сурет 1 сөз» V кезең.
Белсене қатысып үздік шыққан топтарды ынталандыру бойынша ұйымдастырушылар тарапынан алғыс, дипломдар мен үстел ойындары сыйға берілді.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы