ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

30 сәуір 2025 жыл                                                                   Қарауылтөбе ауылы

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып табылады.

  1. Сыбайлас  жемқорлық     тәуекелдеріне     ішкі     талдау     Қазақстан

Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы                        № 21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

  1. Сыбайлас  жемқорлық   тәуекелдеріне   ішкі    талдауды   Қарауылтөбе

ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 12-Ө өкімімен құрылған төмендегі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

Ахетов Еркин                        -    Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі,

Абдрайханович                             топ жетекшісі;

 

Турганбаева Лаззат              -    Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі

Куанышбеоквна                            аппаратының бас маманы (есепші), топ мүшесі;

 

Жусупов Койшыбай               -    Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі

Жалгасович                                   аппаратының бас маманы, топ мүшесі;

 

 

Көшеней Әулет                        -    Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі

Арнұрұлы                                      аппаратының жетекші маман, топ мүшесі;

                                                       

 

Қарлыканов Шындаулет           -  Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі

Қанатұлы                                       аппаратының статисті, топ мүшесі.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 01-30 сәуір 2025 жыл аралығында жүргізілді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 28.04.2024-30.04.2025 жыл аралығындағы кезең қамтылды.
  3. Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Е. Ахетов - топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

         І. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты»

КММ-нің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) «Қызылорда  қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты»

КММ-нің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Талданатын объект туралы мәліметтер:

«Қызылорда  қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» КММ - құзыреті шегінде Қызылорда қаласы әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.

Аппарат өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120006, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылы, А. Құнанбаев көшесі, № 29.

         ІІ. «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің қызметіне, оны ұйымдастыру – басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы Кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;

- «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

- «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының             2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы және басқа да қолданыстағы құқықтық актілер;

- «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                            23 қаңтардағы Заңы;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексі;

- «ҚР Әкімшілік Рәсімдік-Процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы кодексі.

- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы;

- «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы                    10 шілдедегі Заңы;

- «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы                     28 қаңтардағы Заңы;

- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы қаулысы;

- «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының                      1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы;

- ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығы.

- «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
21 қазандағы №15 бұйрығы.

 

ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

3.1. Кадрлық құрам бойынша:

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер - 5;

Штаттан тыс қызметкерлер – 4 (статист);

Қызметтік автокөлік жүргізуші – 1.

Ауылдық округ әкімінің 2024 жылғы 02 мамырдағы №13-Ө өкіміне сәйкес іс-жүргізуші маман қызметіне Ақұзақ Мөлдір Ақұзаққызы 2024 жылдың 02 мамырынан бастап еңбек шарт жұмысқа қабылданды.

Ауылдық округ әкімінің 2024 жылғы 02 мамырдағы №14-Ө өкіміне сәйкес статист қызметіне Баимбетов Жангельди Ганиевич  2024 жылдың                 02 мамырынан бастап еңбек шарт жұмысқа қабылданды.

Округ әкімінің 2024 жылғы 01 шілдедегі № 19-Ө өкіміне сәйкес өз өтінішіне сәйкес статист Калиев Серик Нуртугановичт атқарып келген қызметінен 2024 жылдың 01 шілдесінен бастап жұмыстан босатылды.

Округ әкімінің 2024 жылғы 05 шілдедегі № 20-Ө өкіміне сәйкес еңбек шарты негізінде статист қызметіне 2024 жылдың 05 шілдесінен бастап Нарымбет Нұрдәулет Темірбекұлы жұмысқа қабылданды.

Ауылдық округ әкімінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 25-Ө өкіміне сәйкес өз өтінішіне сәйкес статист Ж. Баимбетов атқарып келген қызметінен                   2024 жылдың 01 тамызынан бастап босатылсын. 

 

Ауылдық округ әкімінің 2024 жылдың 08 тамызындағы № 26-Ө өкіміне сәйкес еңбек шарты негізінде статист қызметіне 2024 жылдың 09 тамызынан бастап Қарлыканов Шындаулет Қанатұлы жұмысқа қабылданды.

Округ әкімінің 2025 жылғы 05 қаңтардағы № 1-Ө өкіміне сәйкес өз өтініші негізінде статист Нарымбет Нұрдаулет Темірбекұлы атқарып келген қызметінен 2025 жылдың 05 қаңтарынан бастап қызметінен босатылды.

Округ әкімінің 2025 жылғы 03 ақпандағы №5-Ө өкіміне сәйкес еңбек шарт негізінде Төремұратов Ернар Елібайұлы статист қызметіне 2025 жылдың 03 ақпанынан бастап жұмысқа қабылданды.   

Округ әкімінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 6-Ө өкіміне сәйкес өз өтініші негізінде статист маманы Төремұратов Ернар Елібайұлы атқарып келген қызметінен 2025 жылдың 18 сәуірінен бастап қызметінен босатылды.

Округ әкімінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 7-Ө өкіміне сәйкес өз өтініші негізінде жетекші маман Көшеней Әулет Арнұрұлы атқарып келген қызметінен 2025 жылдың 25 сәуірінен бастап қызметінен босатылды.

 

 

         2025 жылғы жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

         «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықталмаған.

Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

Тәртіптік жаза қолданылған қызметкерлердің саны - 4, тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынғандар болмаған.

«Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің, яғни «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» бас тарту мерзімін сақтамай, кемшіліктерге жол бергені үшін статист Ж.Баимбетовке «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды (23.07.2024 жыл № 22-Ө).

Ішкі аудит тексеру қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол бергені үшін бас маман Турганбаева Лаззат Куанышбековнаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды (30.12.2024 жыл № 11-Ө).

Ішкі аудит мекемесіне мерзімінде хат жолданбағаны үшін статист Қарлыканов Шындаулет Қанатұлына «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қабылданды.

Қызылорда қаласы әкімі аппаратының «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің толымдылығын зерделеу қорытындысы нәтижесінде кемшіліктерге жол бергені үшін жетекші маман Көшеней Әулет Арнұрұлына «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары:

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (заңгер)

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Жер табыстау барысында қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын  сақталуын қамтамасыз етеді;

Қарауылтөбе ауылдық округінің жер учаскелеріне байланысты өтініш білдірген азаматтардың құжаттарын дайындайды, жұмыстарын үйлестіреді;

Бұндай деректер соңғы 3 жылда орын алмаған.

Алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі орташа.

 

 

ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.

2024 жылдың 28 сәуір - 2025 жылдың 30 сәуір аралығында «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы орын алмаған.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша:

2024 жылдың 28 сәуір - 2025 жылдың 30 сәуір аралығында «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан барлығы 38 /отыз сегіз/ мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде:

«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша  оң шешіммен қызмет көрсетілмеді.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша оң шешімімен 38 /отыз сегіз/ мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініш түспеді.

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 604 өтініш түскен.

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініш түспеді.

«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2 өтініш түсті.

 

 

 

 

VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

«Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

VІІ. Бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2024 жылдың 28 сәуір - 2025 жылдың 30 сәуір аралығында «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әкімімен) – 34 өкім, 71 шешім, жеке және заңды тұлғалардан - 61 өтініш қабылданып, бақылау-тексеру жұмыстарын іске асырды.

VІІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

2024 жылы бөлінген  қаржы – 177 205,0 мың  теңге,  игерілгені 172 203,7 мың теңге, игерілу  пайызы – 97,1%.

2025  жылы   бөлінген  қаржы  - 144 151,0 мың  теңгені  құрап  отыр.

ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:

- 2024 жылы – 61 шарт;

- 2025 жылдың қаңтар-сәуір айында – 23 шарт жасасты.

Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты осы кезге дейін ешқандай ақпараттық жүйе әзірлемеген. Ақпараттық жүйенің барлығы Қызылорда қаласы әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді. GOv.KZ – МО интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы 2023 жылдың қараша айынан бастап жүргізіліп келеді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-qaraultobe-district?lang=ru

ХІ. «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің ұйымдастырушылық – басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

11.1. Қызылорда қаласының «Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің жалпы құжат айналымы:

-  2024 жылдың 31 желтоқсан айына дейін жалпы құжат саны
1195  ( оның ішінде, кіріс – 675, шығыс – 520) құрады.

-2025 жылдың 30 сәуіріне дейін жалпы құжат саны
1054  ( оның ішінде, кіріс –757, шығыс – 297) құрады.

 

Өтініштер бойынша:

2024 жылы – 49 өтініш қабылданған;

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларына – 12 өтініш қабылданған;

Бұл ретте өтініштердің жер мәселесі-11, қайырымдылық, көмек көрсету мәселесі бойынша – 1 өтініш келіп түскен.

Келіп тускен барлық өтініштерге тиісті түрде жауап қайтарылып, қажеттілікке байланысты тиісті органдарға жөнелтілген.

 

11.2. «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі қызметті жандандыру және мемлекеттік стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру мақсатында мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылып жұмыс атқаруда.

 

2024 жыл бойынша:

1 комиссия отырысы өткізілген, 1 хаттама, 2 тапсырма орындалған;

2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша:

1 комиссия отырысы өткізілген, 1 хаттама жасалып, хаттамамен берілген тапсырма орындалған;

11.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша: 

2024, 2025 жылдарға «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілген.  

Сонымен қатар, аппарат ғимаратындағы көрнекі жерлерге (қызметкерлер кабинеттерінің есіктеріне) жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қатысты брошюра ақпараттар орналастырылды;

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің фото суреттері (БІР ПАРА ЕКІ ҚЫЛМЫСКЕР, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ, ПАРА БЕРУ БАС – БОСТАНДЫҒЫҢНАН ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫҢНАН АЙЫРАДЫ, ПАРА БЕРСЕҢ ЖАЗАЛАНАСЫҢ ЖӘНЕ Т.Б.), CALL CENTER: 1424 ақпараттары ілінген.

«Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің интернет желісіндегі «Facebook» парақшасына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында роликтер жарияланды.

Сондай-ақ, тоқсан сайын «Ақмешіт Ақшамы» Республикалық тәуелсіз қоғымдық-саяси газетінде «Сенім телефоны» және округ әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау күндері жөнінде хабарландырулар жарияланады.

2024 жылдың 25 қыркүйегінде интернет-алаяқтық қылмыстарын алдын алу профилактикалық шаралар қабылдау мақсатында Қызылорда қалалық прокуратурасының және Қызылорда қаласының Полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2024 жылдың 18 қазанында «Ашық есік күні» акциясы аясында «Жас Орда» Қоғамдық бірлестігінің заңгері, Астана қаласының Заң консультанттар палатасының Заң консультанты Н.Ш. Байменовтың қатысуымен Қарауылтөлбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде алаяқтық қылмыстар бойынша алдын алу бағытында сақтық шаралар бойынша ақпарат ұсынылып, тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіліп, заңға қатысты сұрақтарына маман тарапынан жауаптар берілді.

      

ҰСЫНЫМДАР:

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

  1. Қарауылтөбе ауылдық округте қылмысты, құқық бұзушылықтың алдын алу, ұрлықты болдырмау және санитарлық тазалықты сақтау мақсатында округтің кіре-беріс және шығыс бөліктеріне бейнекамералар орнату.

Қарауылтөбе ауылдық округі қалаға іргелес ауыл болғандықтан жылдан-жылға халық көптеп қоныстану орын алып, халық саны күннен күнге арту үстінде.

Осыған байланысты, округте саяси тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың тыныс-тіршілігін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында округтің кіре-беріс және шығыс бөліктеріне бейнекамералар орнатуды ұсынамыз.

         Қарауылтөбе ауылдық округі қоғамдық кеңесімен жан-жақты талқылай отырып, Қызылорда қаласы әкімі аппаратына және уәкілетті органдарға округтің кіре-беріс және шығыс бөліктеріне бейнекамералар орнату жұмыстарына қаржы бөлдіруге бюджеттік өтінім ұсыну қажет деп санаймыз.

  1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің ғимараты ескі жағдайда болуына сәйкес, аукцион тәсілімен сауда-сатыққа шығарылуына байланысты, қазіргі таңда қызметкерлер «Қарауылтөбе ауылдық клубы» МКҚК –ның ғимаратында уақытша  жұмыс жасауына байланысты «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не жаңа ғимарат құрылысын жүргізу үшін тиісті қаражат бөлуді сұрайды.
  2. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Ахетов Еркин                        -    Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі,

Абдрайханович                             топ жетекшісі;

 

Турганбаева Лаззат              -    Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі

Куанышбеоквна                            аппаратының бас маманы (есепші), топ мүшесі;

 

Жусупов  Койшыбай               -    Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі

Жалгасович                                   аппаратының бас маманы, топ мүшесі;

 

 

Көшеней Әулет                         -    Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі

Арнұрұлы                                      аппаратының жетекші маман, топ мүшесі.

                                                      

 

Қарлыканов Шындаулет         -    Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі

Қанатұлы                                       аппаратының статисті, топ мүшесі;

 

         Әкім                                                                                     Е. Ахетов

 

Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты:

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Бас маман(заңгер)

Тәртіптік теріс қылық түрін  анықтау

ҚР 2003 жылғы
20 маусымдағы № 442 Жер Кодексіне сәйкес, Қызылорда қалалық жер комиссиясынан қолдау тапқан жағдайда жер телімдерін беруде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Жер учаскелеріне байланысты өтініш білдірген азамат(ша) -дың құжаттарын дайындайды, жұмыстарын үйлестіреді.

Бұндай деректер соңғы 3 жылда орын алмаған.

Алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі орташа.

 

 

           

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                           «Бекітемін»

Қарауылтөбе ауылдық

округінің әкімі

 ______________Е. Ахетов

                                                                                      «___»  __________  2025 жыл

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты:

 

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.

Қарауылтөбе ауылдық округінің кіре беріс және шығыс бөліктеріне бейнекамералар орнату үшін қаржы сұрауға хат жолдау.

Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Қызылорда қаласы әкімі аппаратына және уәкілетті органдарға

 Е. Ахетов

1 жыл ішінде

 

 

2.

«Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не жаңа ғимарат құрылысын жүргізу үшін тиісті қаржы сұрауға хат жолдау.

Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Қызылорда қаласы әкімі және уәкілетті органдарға

Е. Ахетов

1 жыл ішінде

 

 

 

Дата публикации
30 апреля 2025