ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ – ОНЫ ЖОЮ МІНДЕТ

2023 жылғы 21 ақпан күні Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысында Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы басқарманың құрылымдық бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін баяндады.
Атап айтқанда, басқарма басшысы мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек қорғау салаларындағы қызметті реттейтін заңнамаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 94, 309, 315-баптарының, 464-бабының 1 және 2-бөліктерінің санкцияларында көзделген балама жаза түрлерін таңдау жағдайлары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратыны анықталғанын, қорытындысымен осы Кодекстің тиісті баптарының санкцияларына өзгерістер енгізу арқылы оларды жою туралы уәкілетті органдарға ұсыныс жолданғанын айтты.
Дата публикации
22 февраля 2023