Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жолданым келіп түседі. (Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 4-бабының 1-тармағының 16-тармақшасына сәйкес жолданым – әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференц-байланыс, бейнежолданым нысанында жіберілген арыз немесе шағым)
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсанындағы № 229 Жарлығының (әрі қарай - Жарлық) 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес халықтың өмір мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке жаппай қатер ықтималдылығы зерделенеді.
Жарлықтың 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органның (әкімнің) бірінші басшысына шешім қабылдау үшін, халықтың өмір мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке жаппай қатер ықтималдылығы туындау туралы жөнінде жолданым жолданады. (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жүгінімдері)
Жергілікті атқарушы органның (әкімнің) бірінші басшысының шешімі (Өкімі) әзірленіп бекіттіріледі. («Қызылорда облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсанындағы № 652 қаулысыны сәйкес)
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің талаптарына сәйкес тексерілетін субъектіге хабарлама беріліп, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына тексеру тағайындау туралы актісі тіркеледі және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.