«Қызылорда облысының мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылауы
басқармасы» басшысының
2021 жылғы «_____» _____________
№ __________ бұйрығымен бекітілген
2-қосымша
«Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің лицензиялау және аттестаттау бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялар функцияларын жүзеге асыру, оның ішінде:
- лицензия және лицензияға қосымшалар берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
- лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
- уәкілетті органға берілген лицензия тізілімін жолдау.
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде:
- өтініш берушінің құжаттарын қабылдау және қарау;
- уәкілетті органға берілген аттестаттардың тізілімін жолдау;
-сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөнінде ұйымдастыру іс-шараларын (электрондық тестілеу) жүргізу;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу функцияларын жүзеге асыру;
4) лицензия алу үшін лицензияттар ұсынған құжаттар мен материалдарды қарау, заңмен белгіленген лицензияланатын жұмыс түрлерінің тізіміне сәйкес ведомстволық бағыныстағы аумақтағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру, белгіленген үлгі бойынша қатаң есептілік бланкілерін жүргізу;
5) лицензия және лицензияға қосымша алу үшін құжаттарды қарастыру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау, лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тексерудің нәтижесі бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тиісті шаралар қолдану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде, өтініш берушінің құжаттарын қабылдау және қарау, сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөніде ұйымдастыру
іс-шараларын (электрондық тестілеу) жүргізу;
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде субъектілерге берілетін лицензияларға және аккредитациялауға мониторинг жүргізу, оларды есепке алу мен тіркеу, лицензияттардың лицензиялау ережелері мен нормаларын сақтауын бақылау, лицензиялау нормалары мен ережелерін бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғаларға қатысты заңнамалық тәртіпте белгіленген шаралар қолдану;
7) лицензияланатын құжаттарды сақтау және мұрағатқа өткізуді ұйымдастыру;
8) лицензиялау және аттестаттау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
9) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде өзге де мәселелерді шешу;
10) бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, болдырмау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;
11) күнделікті жұмыста ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланып, электронды құжат айналым жүйесін тиімді қолдану;
12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бөлімнің тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп, орындалуын қамтамасыз ету;
13) бөлімнің іс номенклатурасындағы құжаттардың дұрыс рәсімделуін, оның орындалуын қамтамасыз ету;
14) бөлімде электрондық құжат айналымды және ақпараттық технологияларды қолдануды толықтай жүзеге асыру;
15) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің заңға сәйкес қаралуын және уақытылы жауап берілуін қамтамасыз ету;
16) бөлімге «Қызмет бабында пайдалану үшін» грифімен келген іс құжаттарымен тиісті жұмыстарды жүргізу;
17) бөлімде еңбек тәртібінің сақталуын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының және ҚР Президенттің Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексімен» көзделген талаптардың орындалуын ұйымдастыру;
18) бөлімнің жұмыс саласына қатысты ақпараттық-талдамалық, анықтамалық материалдар әзірлеу, басқарманың құзыретіне қатысты нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар әзірлеуге қатысу;
19) «Тілдер туралы» ҚР Заң талаптарын бөлім бойынша жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
20) бөлімге келіп түскен бақылаудағы құжаттардың дер кезінде орындалуын ұйымдастыру;
21) басқарма бойынша бөлімге қатысты бұйрықтар мен әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысу;
22) бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен, мекеме, кәсіпорындар, қоғамдық және өзге де ұйымдармен байланыс жасап, жұмыстар жүргізу.
1) бекітілген тәртіпке сәйкес басқарманың бөлімдері мен басқа мекемелерден қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
2) бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарын жүзеге асырған кезде объектілерге барып тексеруге;
3) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
4) басшылықтың келісімімен басқарманың қызметінде оның
ақпараттық-талдау жұмысын жетілдіретін түрлі нысандағы ішкі есептемелер мен ақпараттық материалдар жасап, оны тәжірибеге ендіруге;
5) бөлім басшысы лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бөлім қызметкерлеріне міндеттер бөлуге, олардың өз міндеттері мен басқарма басшылығының тапсырмаларының дер кезінде орындалуын бақылауға;
6) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да құқықтарды іске асыруға құқылы.