Мемлекеттік сәулет - құрылыс инспекциясы бөлімінің ережесі

                                                                                          «Қызылорда облысының мемлекеттік

                                                                         сәулет-құрылыс бақылауы

                                                                        басқармасы» басшысының

                                                                                           2021 жылғы «_____» _____________

                                                                                              № __________ бұйрығымен бекітілген

                                               4-қосымша

«Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс

бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

мемлекеттік сәулет - құрылыс инспекциясы бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарманың басшысы бекітеді.

 

  1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің

негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

  1. Бөлімнің міндеттері мен функциялары:

1) Қызылорда облысы аумағында салынып жатқан объектілерге мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;

3) басқарманың Ережесімен белгіленген негізгі функциялар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және басқарманың Ережесіне сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету;

6) салынып жатқан құрылыс объектілерінде объектілердің салыну сапасына, аумағы қолданыстағы мемлекеттік, сондай-ақ мемлекет аралық нормативтердің сақталуына мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылауын жүзеге асырады;

7) жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалармен орындалуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

8) объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушілердің техникалық қадағалау, жобаларды әзірлеушілердің авторлық қадағалау және мердігерлердің қадағалау қызметіне бақылау және қадағалауды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте нормативтік құқықтық актілерді және сәулет - құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптарды бұзушыларға тиісті шаралар қолдану;

10) мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы, жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігер құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығаруға;

11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді бұзушыларға көзделген шараларды қолдану туралы шешім қабылдауға басқарма басшысына ұсыныстар жолдайды;

12) салынып жатқан объектілердің мониторингісі және салынып (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, күрделі жөндеу) жатқан объектілер мен кешендердегі құрылыс-жөндеу жұмыстары нормативтерінің сақталуын бақылау;

13) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

14) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

15) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

16) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асырады;

17) қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруға және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Бөлім мыналарға құқылы:

1) Бөлім құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелері бойынша жедел шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін Облыс әкімдігінің басқада құрылымдық бөлімшелерімен өзара жұмыс жасауға;

2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан бөлім құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратқа, құжаттар мен материалдарға сұрау салу және алуға;

3) бөлім қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы субъектілерінен салынып (қайта жаңарту, кеңейту, күрделі жөндеу) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратқа сұрау салу және алуға;

5) танысу үшін тапсырыс берушілерден аталған құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушы құжаттамаларын, сондай-ақ, тиісті жобалардың сараптамалық қорытындысын алуға, сұрау салуға;

6) салынып (қайта жаңарту, кеңейту, жаңғырту, күрделі жөндеу) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз кіреді және онда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына жедел инспекция жүргізуге;

7) бақылау және қадағалаудың өзге нысандарын жүзеге асырған кезде объектілерге баруға;

8) бекітілген тәртіпке сәйкес басқарманың бөлімдері мен басқа мекемелерден қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

9) бөлім басшысы лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бөлім қызметкерлеріне міндеттер бөлуге, олардың өз міндеттері мен басқарма басшылығының тапсырмаларының дер кезінде орындалуын бақылауға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да құқықтарды іске асыруға.

  1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің қызметін ұйымдастыру

1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

       2) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.

       3) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

        4) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

       5) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кіріс-шығыс құжаттарына бөлімнің басшысы бұрыштама қояды.

Дата публикации
05 января 2022