Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімінің ережесі

                                                                                          «Қызылорда облысының мемлекеттік

                                                                         сәулет-құрылыс бақылауы

                                                                        басқармасы» басшысының

                                                                                           2021 жылғы «_____» _____________

                                                                                              № __________ бұйрығымен бекітілген

                                               3-қосымша

«Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер
  2. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімі (бұдан әрі-бөлім)-«Қызылорда облысының мемлекеттік
    сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқа да
    нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарманың басшысы бекітеді.
  1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
  1. Бөлімнің міндеттері мен функциялары:

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық қадағалаушылардан ай сайынғы негізде объект құрылысының жай-күйі мен барысы туралы есепті жинақтау;

2) Жинақталған есептілік бойынша талдау жасау;

3) Жинақталған есептіліктің шынайылығын тексеру мақсатында техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін құрылыс нысандары бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату;

4) Салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының бекітілген жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту;

5) Заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс объектілерін инспекциялау;

6) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жоюға болмайтын бұзушылыққа жол берген заңды, жеке және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамаларда белгіленген шараларды қолдану;

7) техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

8) хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондарға, қол қойылған келіспеушілік актілерге, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы келіп түскен хабарламаларға талдау және есеп жүргізу;

9) салынып жатқан объектілердің мониторингісі және салынып (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, күрделі жөндеу) жатқан объектілер мен кешендердегі құрылыс-жөндеу жұмыстары нормативтерінің сақталуын бақылау;

10) Объектілерді салу кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына бақылау жасау;

11) күнделікті жұмыста ақпараттық технологияларды және электронды құжат айналым жүйесін тиімді қолдану;

12) бөлімнің іс номенклатурасындағы құжаттардың дұрыс рәсімделуін, оның орындалуын қамтамасыз ету;

13) бөлімде электрондық құжат айналымды және ақпараттық технологияларды қолдануды толықтай жүзеге асыру;

14) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің заңға сәйкес қаралуын және уақытылы жауап берілуін қамтамасыз ету;

15) бөлімде еңбек тәртібінің сақталуын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының және
Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексімен» көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

16) бөлімнің жұмыс саласына қатысты ақпараттық - талдамалық, анықтамалық материалдар әзірлеу, басқарманың құзыретіне қатысты нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар әзірлеуге қатысу;

17) бөлімде «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

18) бөлімге келіп түскен бақылаудағы құжаттардың дер кезінде орындалуын ұйымдастыру;

19) басқарма бойынша бөлімге қатысты бұйрықтар мен әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысу;

20) бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен, мекеме, кәсіпорындар, қоғамдық және өзге де ұйымдармен байланыс жасап, жұмыстар жүргізу.

  1. Бөлім мынаған құқылы:

1) бекітілген тәртіпке сәйкес басқарманың бөлімдері мен басқа мекемелерден қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

2) басшылықтың келісімімен басқарманың қызметінде оның ақпараттық - талдау жұмысын жетілдіретін түрлі нысандағы ішкі есептемелер мен ақпараттық материалдар жасап, оны тәжірибеге ендіруге;

3) лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өз міндеттері мен басқарма басшылығының тапсырмаларының дер кезінде орындалуын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да құқықтарды іске асыруға құқылы.

  1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімінің қызметін ұйымдастыру
  1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.
  3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімінің басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімінің басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына мониторинг жасау бөлімінің басшысы бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кіріс-шығыс құжаттарына бұрыштама қояды.
Дата публикации
05 января 2022