Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің ережесі

                                                                                          «Қызылорда облысының мемлекеттік

                                                                         сәулет-құрылыс бақылауы

                                                                        басқармасы» басшысының

                                                                                           2021 жылғы «_____» _____________

                                                                                              № __________ бұйрығымен бекітілген

                                               1-қосымша

«Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер
  1. Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарманың басшысы бекітеді.

2.Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімнің негізгі міндеттері,

функциялары мен құқықтары

  1. Бөлімнің міндеттері мен функциялары:

1) басқарма қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын жүргізу;

2) басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын жасау және бекіттіру;

3) басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілік талаптарын жасау және бекіттіру;

4) басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациялау жұмыстарын жүргізу;

5) басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.

6) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға белгіленген тәртіптерге сәйкес талапкерлерді конкурстық іріктеусіз және конкурстық іріктеу арқылы  орналастыру жұмыстарын жүргізу;

7) мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш қабылданғандарды арнайы тексеруден өткізу және мемлекеттік әкімшілік қызметшінің ант беру рәсімдерін ұйымдастыру, олардан міндеттемелер қабылдау жұмыстарын жүргізу;

8) кадрлар ротациясы бойынша жұмыстар атқару;

9) персоналды басқару бойынша жұмыстар жүргізу;

10) бөлім қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалап, жыл сайын оның қорытындысын шығарып отыру;

11) басқарманың аттестациялық, конкурстық және тәртіптік комиссияларының жұмыстарын ұйымдастырып, іс-құжаттарын жүргізу;

12) мемлекеттік қызмет істері бойынша есептемелер мен ақпараттарды дер кезінде даярлап, тапсырып отыру.

13) басқарма бөлімдерінің Ережелерін әзірлеу және оның орындалуын қадағалау;

14) басқарманың жылдық жоспарларын әзірлеу және оның орындалуын қадағалау;

15) әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп, орындалуын қамтамасыз ету;

16) басқарманың бөлімдерінің әрқайсысының жылдық жоспарларын әзірлеуіне және оның орындалуына бақылау жасау;

17) басқарманың іс номенклатурасын әзірлеп, оны тиісті тәртіпке сай бекіттіру, бөлімдерде оның орындалуын қадағалау;

18) басқарма қызметінің Регламентін әзірлеп, оны тиісті тәртіпке сай бекіттіру;

19) басқармада электрондық құжат айналымның толық жұмыс істеуін және ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

20) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің заңға сәйкес қаралуын, жауап берілуін және ол бойынша тоқсан сайын есептер берілуін қамтамасыз ету;

21) «Қызмет бабында пайдалану үшін» грифімен  келген іс құжаттарын рәсімдеу;

22) Басқармада еңбек тәртібінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексімен» көзделген талаптардың орындалуын ұйымдастыру;

23) Қазақстан Республикасының заңдарына, тиісті ережелерге, нұсқаулықтарға және басқарма басшысының бұйрығына сәйкес қызметкерлерді қызметке қабылдау, босату және ауыстыру құжаттарын рәсімдеу;

24) қызметкерлердің жеке істерін жүргізіп, еңбек қызметіне байланысты өзгерістерді енгізіп, қалыптастырып отыру;

25) басқарма қызметкерлерінің әскери міндеттілігіне қатысты жұмыстар мен шараларын ұйымдастыру;

26) бөлімнің жұмыс саласына қатысты ақпараттық-талдамалық, анықтамалық материалдар әзірлеу, басқарманың құзыретіне қатысты нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар әзірлеуге қатысу;

27) «Тілдер туралы» ҚР Заңы талаптарының басқарма бойынша жүзеге асырылуын ұйымдастыру;

28) негізгі қызмет, жеке құрам, еңбек демалысы және іс-сапар бойынша бұйрықтар жобаларын әзірлеу;

29) басқармаға келіп түскен бақылаудағы құжаттардың дер кезінде орындалуын ұйымдастыру;

30) басқарма бойынша бөлімге қатысты бұйрықтар мен әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысу;

31) басқарманың барлық нормативтік құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізіп отыру;

32) басқарма қызметкерлерінің құқықтық білімін көтеру мақсатында ай сайын жоспарлы оқу ұйымдастыру;

33) басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

34) «Заң» электронды құқықтық базасын мезгілінде толықтырып отыру, оны басқарма қызметкерлерінің пайдалануына мүмкіндік жасау;

35) басқарма бойынша азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға қатысты жұмыстарды жүргізу;

36) басқарманың техникалық қызметкерлері – статистик, әдіскер, оператор, іс-жүргізуші, мұрағатшы, хатшы, еден жуушы, күзетші және басқа да қызметкерлердің жұмыстарына бақылау жасау;

37) басқарманың телефон байланысы, электрмен, жылумен және сумен қамтамасыз етілуі, кәріз жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасау;

38) басқарманың құзыретіне сәйкес сот, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдарымен жұмыс жасау, басқарманың талап-қуыным жұмыстарын жүргізу, заңдылықтарға сәйкес сот органдарында басқарманың мүдделерін қорғау жұмыстарын ұйымдастыру;

39) басқарманың құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс-жүргізу, әкімшілік айыппұлдарды өндіру, мәжбүрлеп өндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

40) белгіленген тәртіпке сай басқарманың бюджеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және оны келісу мен бекіту барысын қадағалау, оның орындалуын бақылау;

41) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес басқармаға қажетті кеңсе тауарлары, кеңсе жиһаздары және басқа да қажеттіліктер мен қызмет түрлеріне мемлекеттік сатып алу жұмысының жоспарын жасап, қажетті заттар тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру;

42) өнім беруші мекемелерге тиісті заңдылықтарға сәйкес қаржы аудару жұмыстарын жүргізу, бюджет қаржысының тиімді және бюджеттің толық игерілуін қамтамасыз ету;

43) басқарманың қаржылық-экономикалық мәселелері бойынша қажетті талдау және анықтамалық ақпараттар даярлау;

44) басқарма басшылығы мен жоғарғы органдарға талдау және анықтамалық ақпараттар дайындау. Жоғарғы органдардан алынған талдау және анықтамалық ақпараттарды жинақтау және дер кезінде ұсыну;

45) басқарманы қаржыландыру үшін жобалар мен шығыс сметаларының жобасы мен жоспарын жасау;

46) басқарманың жұмыс қорытындысын ай сайын және тоқсан сайын шығарып отыру және басқарма бойынша жергілікті бюджеттің ай сайынғы  орындалуының ақпарын дайындау;

47) басқарманың бюджеттік ерекшеліктері коды бойынша шығыс сметасының орындалуын бақылау;

48) басқарма қызметкерлерінің еңбек ақыларын есептеу және төлеу, зейнетақы қорына және салық органдарына табыс салықтарын аудару;

49) белгіленген мерзімдерге сәйкес басқарманың материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізу, тиісті негізгі қорларды есептен шығарудың есебін жасау, қорлардың сақталуына, бағасы аз және тез қолданыстан шығатын және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау;

50) қажетті ақпараттар бере отырып, Қызылорда облысы бойынша қаржы есептемелерінің халықаралық стандарттарын қолдану және  орындау;

51) белгіленген мерзімде ГЗ-1 және ГЗ-2 мемлекеттік нысанындағы  есептемелерді әзірлеу және ұсыну;

52) Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен, мекеме, кәсіпорындар, қоғамдық және өзге де ұйымдармен байланыс жасап, жұмыстар жүргізу.

  1. Бөлім мынаған құқылы:

1) бекітілген тәртіпке сәйкес басқарманың бөлімдері мен басқа мекемелерден қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

2) басшылықтың келісімімен басқарманың қызметінде оның
ақпараттық - талдау жұмысын жетілдіретін түрлі нысандағы ішкі есептемелер мен ақпараттық материалдар жасап, оны тәжірибеге енгізуге;

3) бөлім басшысы лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бөлім қызметкерлеріне міндеттер бөлуге, олардың өз міндеттері мен басқарма басшылығының тапсырмаларының дер кезінде және сапалы орындалуын бақылауға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да құқықтарды іске асыруға құқылы.

  1. Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің қызметін ұйымдастыру
  1.  Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2.  Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.
  3.  Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4.  Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5.  Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кіріс құжаттарына бөлімнің басшысы бұрыштама береді.
Дата публикации
05 января 2022