
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары
63 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
2022 жылдың 9 ай көлемінде қалада 128 мың 681 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- 105 мың 850 қызмет қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (82%);
- 19 мың 258 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (15%);
- 3 мың 573 қызмет тікелей дербес бөлімдердің кеңселері арқылы (3%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – халықты әлеуметті қорғау, жер және сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер, атап айтқанда:
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызметі бойынша 19 мың 544 (18%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша 17 мың 610 (16%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі бойынша
11 мың 604 (10%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
2022 жылдың 9 ай көлемінде Қызылорда қаласы әкімдігінің ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 11 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде
5 бұзушылық анықталып, 2 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершіліке тартылды.
Қала әкімдігі «Электрондық үкімет» порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтерді алуды арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату, халық көп жиналатын жерлерде бейнероликтер көрсету және т.б.). Есептік кезеңде 19 мақала, 95 материал және 38 бейнеролик жарияланды.