
Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойыншаҚызылорда қаласында 2022 жылдың 1-ші маусымына 28 330 шағын кәсіпкерлік субъектілері (заңды тұлға 6 142 дара кәсіпкерлер 20 460 шаруа қожалықтары 1 728) тіркелсе, оның ішінде, нақты жұмыс жасап тұрғаны 24 926 нысанды құрауда (заңды тұлға 4 559, дара кәсіпкерлер 18 757 және шаруа қожалықтары 1 610).
Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне қалада шағын кәсіпкерлік саласында 432 жаңадан жұмыс орны ашылды, тұрақты - 292 оның ішінде 320 сауда саласында,5- өнеркәсіп,6-білім басқа да қызмет түрлері бойынша – 101.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері құны 2 млрд. 815 млн.800 мың теңгені құрайтын 98 жоба қолдау алды
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы (бұдан әрі-Ұлттық жоба) бекітіліп, «Қарапайым заттар экономикасын дамыту»бағдарламасы бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламалары жүзеге асырылуда.
«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында бүгінгі таңда жалпы құны 2 млрд. 272 млн 600мың. теңгені құрайтын 49 жоба қаржыландырылды.
«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы ағымдағы жылы жоба құны 228,0 млн. теңгені құрайтын2 жоба қаржыландырылды.
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы ЖШСарқылы жалпы құны 286,8 млн.теңгені құрайтын 35 жоба қолдау алып, құны 58,5 млн.теңгені құрайтын15 жобақаржыландырылды.
«Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы құны 136,0 млн.теңгені құрайтын 16 жоба қаржыландырылса, «Atameken Kyzylorda» ЖШС арқылы құны 120,7 млн.теңгені құрайтын 16 жоба қолдау алды.