
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы асында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 800 адамға, 188 725,0 мың теңге (облыстық бюджеттен 760 адамға 181553,0 мың теңге, қалалық бюджеттен 40 адамға 7172,0 мың теңге) қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге 105 адам оқу курсына жолданып, 15933,0 мың теңге игерілді.
2022 жылға жана бизнес–идеяларды іске асыруға мемлекеттік грантттар беру үшін республикалық бюджеттен 814 адамға 1029245,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге 489 азамат мемлекеттік грант алды, игерілген қаржы 482728,0 мың теңге.
Қоғамдық жұмыстар Ағымдағы жылы 2484 адамға бюджеттен 1 851 323,0 мың теңге бөлініп, 2022 жылдың 1 қазанына 540 мекемемен келісім шарт жасалып, 2636 адам жұмысқа тартылып, 995770.0 мың. теңге игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 190 адамға бюджеттен 95250,0 мың теңге бөлініп, (180 адамға республикалық бюджеттен 91800,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 10 адамға 3450,0 мың теңге ) 186 адамға 70484,0 мың теңге игерілді.
Жастар тәжірибесі бойынша 849 адамға 882017,0 мың теңге бөлініп, бағдарлама аясында сұраныс берген 407 мекемеге 989 жас маман жолданып, 174500,0 мың теңге игерілді.
Алғашқы жұмыс орнына 80 жас маманға 74776,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге 62 жас маман жұмысқа жолданды. Игерілген қаржы 24626.0 мың теңге.
Ұрпақтар келісімшартына 5 адамға 1836,0 мың теңге қаражат бөлініп, барлық 5 адам жолданып, 1181,1 мың теңге игерілді.
Күміс жас жобасына 57 зейнеталды жастағы азаматтарға 64 654,0 мың теңге бөлініп, 17 адам жолданып, 3626,0 мың теңге игерілді.