Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 29 мамырға тағайындалған Қызылөзек ауылдық округі әкімін сайлау бойынша дауыс беру күніне дайындық туралы

Қызылөзек ауылдық округі әкімін сайлауда дауыс беру а.ж. 29 мамырында жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.

Қызылөзек сайлау округі бойынша әкім лауазымына 4 кандидат ұсынылған, барлық кандидаттар өзін-өзі ұсынғандар.

Барлық кандидаттың сәйкестігі анықталып, тіркелді. 1 кандидаттың «ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 113-5 бабының 5 тармағының 7 тармақшасына сәйкес тіркеу туралы хаттамалық шешімнің күші жойылды. Осылайша, сайлауға қатысатын кандидаттар саны - 3.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Ауылдық округ әкімін сайлауды ұйымдастырып, өткізуге 3 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 19 мүшесі және аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі тартылған.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1771 адамды құрайды.

Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:

Тіркелген 3 кандидат: 1 – қызметтегі ауылдық округ әкімі, 1 – мемлекеттік қызметші, 1 – бюджеттік сала қызметкері.

Кандидаттардың барлығы – ер адамдар.

Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.

Мамандықтар бөлінісі бойынша: мәдени тынығу жұмыстары – 1 (33,33%), экономист – 1 (33,33%), мемлекеттік және жергілікті басқару – 1 (33,33%).

Кандидаттардың орта жасы - 42, ең жасы – 29 жаста, егделісі – 58 жаста.

Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.

  1. Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскелеріне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
  2. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.

Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.

Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.

Дата публикации
27 мая 2022
Дата обновления
28 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы