
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 мамырдағы шешімімен 2022 жылғы 29 мамырға тағайындалған сайлауда Қызылөзек ауылдық округі әкіміне 1 кандидат тіркелді.
Сариева Гульмира Даужанқызы – 1970 жылы туған, қазақ, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№39 «Қызылөзек» орта мектебі» КММ шағын орталығының әдіскері, Қызылорда қаласы, Қызылөзек ауылдық округі, Қараөзек ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.