
2022 жылғы 15 мамырда Қызылорда қаласы Белкөл кенті әкімінің сайлауы өткізілді.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес №221 және №236 учаскелік сайлау комиссияларының дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2488 азамат енгізілген, оның ішінде 2085-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 3, «Барлығына қарсымын» деген жолда белгісі бар - 5.
Әрбір кандидатты жақтап берілген дауыстар саны:
Калыбеков Фазыл Туремуратович – 121; Нұрсейіт Қанат Айтмағанбетұлы – 58, Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы – 1898.
Белкөл кенті әкімі болып Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы сайланды. 1987 жылы туылған, қазақ, Белкөл кенті әкімі аппаратының бас маманы, Қызылорда қаласында тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы