
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ:
Бөлім - тұрғын үй қоры саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
БЮДЖЕТ БОЙЫНША:
Жалпы 2023 жылғы бюджеті 47 млн 743 мың теңге,
12 айлық қорытынды бойынша 47 млн. 702 мың теңгесі игерілген (99,99%).
ШТАТ САНЫ:
Бөлімде барлығы 12 қызметкер қызмет атқарады. Оның ішінде,
4 мемлекеттік қызметші (1 - басшы, , 1 - сектор меңгеруші, 1 – бас маман, 1 – жетекші маман), қалған 8 қызметкер еңбек шарт негізінде.
Бүгінгі таңда тұрғын үй инспекциясы бөлімімен жеке тұлғаларға бес мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп келеді.
2023 жылдың 12 айында жеке тұлғаларға барлығы – 5062 қызмет көрсетілді:
Атап айтқанда:
Көрсетілген қызмет түрлері бойынша, сондай-ақ арыз шағымдармен жұмыс жасау барысында 2023 жылы қызмет мерзімін және заң бұзу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.
Пәтер кезектілігі бойынша:
Қазіргі таңда қала әкімдігінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 5 дара тізімдері бойынша 26898 отбасы кезекте тұр. Оның ішінде:
1) ҰОС ардагері-1 адам;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобында – 1473;
3) Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 4975;
4) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарында - 9752;
5) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 10067 отбасы;
6) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар - 630.
Бөлімге жеке заңды тұлғалардан түскен өтініштерді тіркеу және қарау барысы зерделенді. 2023 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардан – 1026 өтініш пен хаттар түсті. Түскен 1026 өтініш пен хаттарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жазбаша жауаптар берілді.
Бөлім тарапынан әр аптаның дүйсенбі күні халықты жеке сұрақтары бойынша қабылдау ұйымдастырылып, 12 ай қорытындысы бойынша 880 азаматты қабылдау жүргізілді.
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША:
2023 жылы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету «Kezekte.kz» ақпараттық жүйелер платформасындағы «Shanyraq» ақпараттық қызметінде жүзеге асырылып келеді. Кезекке қою қызметі қазіргі таңда толықтай автоматтандырылған және «Kezekte.kz» сайтына орналастырылған. Азаматтар кез келген уақытта тұрғын үй алу кезектілігін, кезекте тұрған басқа азаматтардың тізімін көруге мүмкіндік жасалынған. Сонымен қатар кезектілік тізімі қала әкімдігінің сайтында орналастырылып, 2023 жылдың 29 наурызында «Ел тілегі» газетіне жарияланды.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қазан-желтоқсан айлары ішінде «Kezekte.kz» ақпараттық жүйелер платформасындағы «Shanyraq» ақпараттық қызметі арқылы 1360 өтініш түсіп, 871 өтініш қабылданды, 489 өтініш бойынша дәлелді бас тартылды.
2023 жылдың 12 ай қорытындысымен үй кезегіне қою бойынша барлығы -5009 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 3352 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген, 1657 өтініш бойынша дәлелді бас тартылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» Қағидаларына сәйкес, тұрғын үйге кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайынғы түгендеу жұмыстары жүргізілді.
01.08.2023- 30.12.2023ж аралығында түгендеу барысында 2387 азамат кезектен шығарылды, оның ішінде: 1890 азаматтың меншігінде тұрғын үй болуына байланысты, 357 азамат басқа мекен жайға көшіп кеткен немесе қайтыс болуына байланысты, 140 азамат жеңілдігі жойылуына байланысты кезектен шығарылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, түгендеу нәтижесімен тиісті шаралар жүргізіледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді жалдау шартының талаптарына сәйкес, есеп айырысуды жүргізу тәртібімен азаматтардың ай сайын төлеп отырған арендалық төлемдері бойынша түгендеу жүргізіп, уақытылы төлемеген азаматтардан төлемақыны өндіру мақсатында, пәтер алған азаматтардың үйлерін аралып, ескерту хабарламалар таратылды. Жалпы 2422 пәтерден бір жылда 168,1 млн теңге арендалық төлем түсу жоспарланған.
Нәтижесінде
2023 жылдың 12 айында 201509 шотына 175 837,0 млн теңге түсіп, жоспар 104,5 пайызға орындалды.
«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерінің жалдау бойынша www.E-Qazyna.kz веб-порталына 2023 жылдың 11 айында 980 келісім-шарттар мүлік тізіліміне тіркелді.
2023 жылдың наурыз, қыркүйек айларында ХҚКО-да "Басшылар байланыста" акциясы ұйымдастырылып, халыққа заңгерлік кеңес беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Арендалық тұрғынжайдан бөлек, кезекте тұрған азаматтарға "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Отбасы банк» АҚ-арқылы Бақытты отбасы-бағыты бойынша 2 пайызбен жеңілдетілген несие беру жұмыстары жалғасын тапты. 2022-2023 жылдар аралығында 23 көппәтерлі тұрғын үй, жалпы саны 1140 ипотекалық пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған, төлем қабілеті бар азаматтарға беріледі. Конкурсқа қатысуға өтініштер «Отбасы банк» АҚ арқылы қабылданды.
2022 жылы- СПМК-70 тұрғын ауданынан 13 үй-640 пәтер
2023 жылы- СПМК-70 тұрғын ауданынан 10 үй-500 ипотекалық пәтерлерге өтініштер қабылданды.
2023 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында кезекте тұрған азаматтарға "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Отбасы банк» АҚ-арқылы Бақытты отбасы-бағыты бойынша 2 пайызбен жеңілдетілген несие беру жұмыстары жалғасын тапты. СПМК-70 тұрғын ауданынан конкурсқа қатысуға өтініштер «Отбасы банк» АҚ арқылы қабылданып, бөлім тарапынан 295 азаматқа сатып алу-сату келісім шарты рәсімделіп, бюджетке 2 млрд 578 млн теңге түсті.
«Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығының 3-тарау, 12-тармағына сәйкес «Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы елді мекендердің шекаралары шегінде газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау болып табылады.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 31 мамырда "«Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырынан қалада АГТС орнату және Қызылорда қаласының кіріс газ құбырын және жаңа комбинирленген циклді зауытқа кіретін газ құбырын орнату арқылы газ құбырының тармағының құрылысы", 2023 жылғы 1 маусымда "«Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытын резервтік газбен қамтамасыз ету үшін жеткізу газ құбырының құрылысы Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Өндірістік аймақ, н/қ.", 2023 жылы 7 маусымда "Қызылорда қаласындағы Оңтүстік қазандықтың BONO ENERGIA үш бу қазандығын қайта құру", 2023 жылы 25 қыркүйекте Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округіне қарасты Баймұрат батыр және Талдыарал елді-мекендерін газбен қамтамасыз ету құрылысына «Grand "Structure Engineering» ЖШС-не қауіпті өндірістік обьектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамаларына келісім берілді.
Қала аумағындағы қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша 2023 жылдың сәуір айында «Alexey Sultan Akhmet» ЖШС-нің Төле би көшесі 29Б мекен-жайында орналасқан 4 лифтіні, 2023 жылғы 13 маусымда К. Байсейтова көшесінде орналасқан «Халық банкі» ғимаратында орналасқан № 20231502 лифтіні, 2023 жылы 11 қыркүйекте Яншина көшесі №2а мекен-жайында орналасқан «Амина» тұрғын үй кешенінде орналасқан лифтіні, 2023 жылы 6 қазандаС. Бейбарыс көшесі, № 2 мекенжайда орналасқан «Неке сарайы» және Н. Назарбаев даңғылы № 24 А мекенжайда орналасқан «Анаға тағзым» ғимараттарында орналасқан лифтілерді есепке алу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы 11 қыркүйекте Яншина көшесі №2а мекен-жайында орналасқан «Амина» тұрғын үй кешенінде орналасқан лифтіні есепке алу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы 25 қыркүйекте Ақжарма ауылдық округіне қарасты Баймұрат батыр және Талдыарал елді-мекендерін газбен қамтамасыз ету құрылысына «Grand "Structure Engineering» ЖШС-не қауіпті өндірістік обьектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамаларына келісім берілді.
2023 жылы 6 қазанда «Анаға тағзым» орталығында, «Неке сарайы» ғимаратында, 2023 жылы 20 желтоқсанда Қорқыт ата 11 мекенжайындағы «ADS plaza» cауда үйінде орналасқан лифтіні есепке алу жұмыстары жүргізілді.