Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының 2022 жылдың І тоқсаны бойынша есебі

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 59 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

2022 жылдың І тоқсан көлемінде қалада 37 мың 122 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- 30 мың 83 қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (81%);

- 5 мың 885 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (16%);

- 1 мың 154 қызмет тікелей дербес бөлімдердің кеңселері арқылы (3%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – халықты әлеуметті қорғау мен  сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер, атап айтқанда:

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша 6 мың 50 (18%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметі бойынша 5 мың 180 (15%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметі бойынша 3 мың 780 (11%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2022 жылдың І тоқсан көлемінде Қызылорда қаласы әкімдігінің ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 2 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде
1 бұзушылық анықталып, 1 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершіліке тартылды.

Қала әкімдігі «Электрондық үкімет» порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтерді алуды арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату, халық көп жиналатын жерлерде бейнероликтер көрсету және т.б.). Есептік кезеңде 9 мақала, 35 материал жарияланды.

Дата публикации
07 апреля 2022
Дата обновления
07 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы