
Кірістер бойынша:
2022 жылдың 1 сәуіріне Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 114,5% (болжам 7 612,0 млн. теңге, нақты түскені 8 714,8 млн. теңге), оның ішінде қаланың өз кірістері 142,9% орындалған (болжам 2 232,2 млн. теңге, орындалғаны 3 190,1 млн. теңге) 957,9 млн. теңге артығымен түскен.
Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 100% түскен.
Шығындар бойынша:
2022 жылдың 1 сәуіріне қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 99,6% орындалды (8 141,6 млн. теңге жоспардың атқарылуы 8 112,2 млн. теңге). Игерілмеген қаржы – 29,4 млн. теңге.
- Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 100% игерілді (жоспар 1 347,2 млн.теңге, игерілгені 1 346,9 млн.теңге).
- Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 96,5% игерілді (жоспар 704,3 млн.теңге, игерілуі 680,0 млн.теңге).
- Қалалық бюджет 99,9% пайызға игерілді (жоспар 6 177,9 млн.теңге, игерілуі 6 177,1 млн.теңге).