
Кірістер бойынша:
2022 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 100,4% (болжам 64 179,2 млн. теңге, нақты түскені 64 453,0 млн. теңге), оның ішінде қаланың өз кірістері 101,7% орындалған (болжам 16 016,4 млн. теңге, орындалғаны 16 281,8 млн. теңге) 265,4 млн. теңге артығымен түскен.
Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 100% түскен.
Шығындар бойынша:
2022 жылдың 1 қаңтарына қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 98,9% орындалды (64 179,2 млн. теңге жоспардың атқарылуы 63 498,9 млн. теңге). Игерілмеген қаржы – 680,3 млн. теңге.
- Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 97,0% игерілді (жоспар 11 888,1 млн.теңге, игерілгені 11 531,5 млн.теңге).
- Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 98,8% игерілді (жоспар 12 671,2 млн.теңге, игерілуі 12 516,3 млн.теңге).
- Қалалық бюджет 99,6% пайызға игерілді (жоспар 39 619,9 млн.теңге, игерілуі 39 451,0 млн.теңге).