Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жыл бойынша қысқаша есебі

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 59 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

2021 жыл көлемінде қалада 140 мың 468 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- 83 мың 702 қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (60%);

- 28 мың 162 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (20%);

- 28 мың 604 қызмет тікелей дербес бөлімдердің кеңселері мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – халықты әлеуметті қорғау мен  сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер, атап айтқанда:

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша 29 мың 624 (21%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі бойынша 16 мың 445 (12%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметі бойынша 13 мың 749 (10%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;

2021 жыл көлемінде Қызылорда қаласы әкімдігінің ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 16 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 35 бұзушылықтар анықталып,
5 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершіліке тартылды.

Қала әкімдігі «Электрондық үкімет» порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтерді алуды танымал ету бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату, халық көп жиналатын жерлерде бейнероликтер көрсету және т.б.). Есептік кезеңде 19 мақала, 100 пост және 10 бейнеролик жарияланды.

Сонымен қатар, қала шегінде және қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттауға бағытталған «Е.gov веб-порталы» тақырыбындағы 10 билборд орналастырылды.

Дата публикации
13 января 2022
Дата обновления
13 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы