
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 59 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
2021 жылдың 9 ай көлемінде қалада 81 331 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- 34 мың 192 қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (42%);
- 22 мың 555 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (28%);
- 24 мың 584 қызмет тікелей дербес бөлімдердің кеңселері мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – халықты әлеуметті қорғау және тұрғын үй саласындағы қызметтер, атап айтқанда:
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі бойынша 12 327 (16%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметі бойынша 8 806 (12%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметі бойынша 4 804 (6%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2021 жылдың 9 ай көлемінде Қызылорда қаласы әкімдігінің ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 13 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 22 бұзушылықтар анықталып, 4 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершіліке тартылды.
Қала әкімдігі «Электрондық үкімет» порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтерді алуды танымал ету бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату, халық көп жиналатын жерлерде бейнероликтер көрсету және т.б.). Есептік кезеңде 9 мақала, 73 пост және 10 бейнеролик жарияланды.
Сонымен қатар, қала шегінде (Қонаев көшесі бойында) және қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттауға бағытталған «Е.gov веб-порталы» тақырыбындағы 10 билборд орналастырылды.