
Кірістер бойынша:
2021 жылдың 1 қазанына Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 110,3% (болжам 42 809 млн. теңге, нақты түскені 47 228,2 млн. теңге), оның ішінде қаланың өз кірістері 108,8% орындалған (болжам 11 318,9 млн. теңге, орындалғаны 12 312,9 млн. теңге), 994,0 млн. теңге артығымен түскен.
Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 100,1% түскен.
Шығындар бойынша:
2021 жылдың 1 қазанына қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 100,0% орындалды ( 42 809,0 млн. теңге жоспардың атқарылуы 42 804,3 млн. теңге). Игерілмеген қаржы – 4,7 млн. теңге.
- Республикалық бюджеттен бөлінген 6 992,9 млн. теңге трансферттер 100% игерілді.
- Облыстық бюджеттен бөлінген 7 003,8 млн. теңге трансферттер 100,0% игерілді.
- Қалалық бюджет 28 807,6 млн. теңгеге немесе 100,0 пайызға игерілді