
«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша АНЫҚТАМА
Қызылорда қаласы бойынша «Индустрияландыру Картасы» аясында жоба құны 68,1 млрд.теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар толық іске асырылған уақытта шамамен 868 жаңа жұмыс орындарын құру күтілуде.
«Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасының өткен жылдың желтоқсан айының бірінші 10 күндігінде зауытың іске қосу жұмыстары басталды (жоба құны 42 млрд. теңге, жұмыс орны 226 адам).
«ТриМо» серіктестігінің «Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасына индустриалдық аймақтан 4 га жер телімі берілді. Өндіріске орналастырылған қондырғылардың технологиялық процеске сәйкес келмеуіне байланысты жаңадан термотөзімділігі және химиялық төзімділігі жоғары басқа қондырғы сатып алу қажет. Бұл жабдықты жобалауға, дайындауға, монтаждауға және сынақтан өткізуге қосымша біраз мерзім және қаражат қажеттілігіне орай, жоба бастамашысы зауыттың іске қосылу мерзімін 2022 жылға ауыстырды. (жоба құны 1 млрд. теңге, жұмыс орны 58 адам).
«Сыр маржаны» ЖШС-нің «Ет комбинаты құрылысы» жобасының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Әкімшілік ғимарат пен бақылау бекетін салу жоспарлануда. Сыртқы инженерлік жүйелердің (су, газ, электржелісі) жобалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтті. «Бизнестің Жол Картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдары ОБ-тен су жүйесін жүргізуге 49,5 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды (мердігер мекеме - «Асанасдар» ЖШС). Сонымен қатар, электр желісін тартуға 2021 жылы 13,8 млн.теңге бөлінді. Комбинаттың ЖСҚ қайта мемлекеттік сараптамадан өтіп, 24 ақпанда оң қорытындысын алды. Жоба бойынша «Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен бірлесіп атқарылуда. «Сыр Маржаны» ЖШС-нің үлесі - 51%, «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның үлесі - 49%. Нәтижесінде 2020 жылы 23 қыркүйекте «Сыр Маржаны» ет өңдеу кешені» ЖШС құрылды. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары 50%-ға аяқталған. Қондырғыларды алдыруға тапсырыс берілген. Қазан айында жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жоспарланған. (жоба құны 952,7 млн. теңге, жұмыс орны 23 адам).
«Кызылорда Рефайнэри» ЖШС-нің «К4, К5 экологиялық кластағы мотор майларын өндіру» жобасы бойынша Қызылорда қаласынан 333 га жер телімі берілді. Тұрақты электрмен жабдықтауға, газбен жабдықтауға, телекоммуникация желілерін тартуға және Батыс-Еуропа Батыс-Қытай автокөлік магистраліне түйісетін жолға техникалық шарттар алынды. «Kyzylorda Refinery» ЖШС-гі Shanghai HOTO Engineering Inc компаниясымен «ПСФ Казнефтетранс» ЖШС арасындағы келісім-шартқа сәйкес ТЭН әзірленіп, Мемлекеттік сараптамадан өтуге келісім-шарт жасалды (26.03.2019 ж. №01-03/02390). Бүгінгі күні жобаның сыртқы инженерлік инфрақұрылымын жүргізу мақсатында техника-экономикалық негіздеме жоба бастамашысының өз қаражаттары есебінен әзірленуде(жоба құны 17,6 млрд. теңге, жұмыс орны 220 адам).
«Poom Trade KZ» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «КОМАЗ» шағын арматура зауытын салу» жобасына мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 2 га жер телімі берілді. Бүгінгі күні жерді қоршау жұмыстары аяқталды. Әкімшілік және бақылау-өткізу бекетінің құрылыс жұмыстары жүргізуде. Жобаға қажетті инженерлік инфрақұрылымдардық ЖСҚ-сы әзірленуде. Бүгінгі күні сумен жабдықтау және канализация жүйелерін "БЖК-2025" бағдарламасы аясында жеткізу үшін құжаттар облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына жолданды. (жоба құны 260 млн. теңге, жұмыс орны 22 адам).
«Вега Пром» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында құрғақ құрылыс қоспаларын шығару» жобасына Белкөл кентінен 2,9 га жер телімі берілді. Қазіргі таңда жерді тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік-инфрақұрылым жеткізу үшін жоба сметалық құжаттамалар әзірленуде. (жоба құны 103 млн. теңге, жұмыс орны 31 адам).
«Orda TEXC» ЖШС-нің «Түйе жүнін өңдеу және төсеніш көрпе өндіру цехы» жобасына «Өндіріс» индустриялық аймағынан 2,2 га жер телімін беру шешімі қабылданды. Қазіргі таңда жерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде(жоба құны 100 млн. теңге, жұмыс орны 18 адам).
«Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС-нің «Шыны талшықты және композитті материалдарды өндіру зауыты» бойынша Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Өндіріс индустриялық аймағынан 15 га жер телімі берілді. Бүгінгі күні инженерлік-инфрақұрылым жеткізу үшін жоба сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуге тапсырылуда. (жоба құны 1,5 млрд. теңге, жұмыс орны 160 адам).
«Айғасар» ЖШС-нің «Ерекше балаларға арналған иппотерапия» жылқылы-сауықтыру клубын ашу және бие сүтін өңдеу цехын салу» жобасына мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 10 га жер телімін берілді. Бүгінгі күні, жерді тегістеу, қоршау және ат қораның құрылысы 90 % -ға жұмыстары аяқталды. Манеж құрылысы басталады. 8 адам жұмыс жасауда. (жоба құны 30 млн. теңге, жұмыс орны 15 адам).
«Dana Quartz» ЖШС-нің «Айна шығару зауыты» жобасына мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Өндіріс индустриялық аймағынан 5 га жер телімін беру шешімі қабылданды. Қазіргі таңда жерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның ЖСҚ-рын әзірлеу жоспарлануда. (жоба құны 4.5 млрд. теңге, жұмыс орны 34 адам).
«Кәусар» ШҚ-нің «Құс фабрикасының құрылысы» жобасына Қызылорда қаласынан 1,3 га жер телімін беру шешімі қабылданды. Қазіргі таңда жерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. (жоба құны 158,7 млн. теңге, жұмыс орны 7 адам).
«Нұр Орда жолы» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында асфальтбетон зауытының құрылысы» жобасына оңтүстік өндірістік аймағы және Белкөл кенті аумағынан мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 4 га жер телімін беру бойынша шешім қабылданды. Қазіргі таңда жерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. (жоба құны 87 млн. теңге, жұмыс орны 7 адам).